Шведова мен Воскобоева көрші қыздардан ұтылып қалды

Шведова мен Воскобоева көрші қыздардан ұтылып қалды

Қазақстандық теннисші қыздарымыз Ярослава Шведова мен Галина Воскобоева жұптасып өнер көрсетуден келесі кезеңге шыға алмады, деп хабарлайды Массагет.кз.

Екінші айналымда 27 жасар Воскобоева мен 24 жастағы Шведова рейтингтің үшінші орнында тұрған Мария Кириленко мен Надежда Петрова жұптарына қарсы ойын өткізді. Отандық спортшыларымыз ә дегеннен-ақ бірінші сетті ресейлік ракетка шеберлеріне беріп қойды. Яғни бес бірдей геймді өз пайдаларына жарата алмады. Отандық спортшылар үш мүмкіндікті пайдаланып көргісі келіп еді, алайда, көрші елдің тумалары қолдарында тұрған айырманы ұстап тұра алды - 3:6.

Екінші сетті спортшыларымыз сенімді бастап еді. Бірақ, ресейлік қыздар басымдылықты өз қолдарына қайтып алып, партияны 6:2 есебімен аяқтады.

Айта кететін болсақ, Шведова жекелей сында келесі айналымға өтсе, Воскобоева Олимпиада ойындарымен қош айтысқан болатын.

Сурет:caspionet.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Ж. FM