Шведованың шабысы керемет

Шведованың шабысы керемет

Еліміздің бірінші ракеткасы Ярослава Шведова Олимпиада ойындарының бірінші айналымында румын қызы Симон Халепті тізерлетіп, жарыстың екінші айналымына өтті деп хабарлайды Massaget.kz порталы.

Отандасымыз кездесуді сәтсіз бастаған болатын. Дегенмен уақыт өте келе  Ярослава  ойынның өту барысын толығымен өз қолына алып, бір ғана брэйктің арқасында бірінші кезеңді өз пайдасына 6:2 есебімен аяқтады. Екінші кезеңді де өте ширек бастаған Шведова 6:2 есебімен қарсыласын оңай жеңе білді. Енді екінші айналымда жерлесіміз  Сабин Лисицки (Германия) - Онс Жабер (Тунис) жұбының жеңімпазымен ракетка түйістіретін болады. 

Айта кетсек, қазіргі таңда 24 жасар Сабин Лисицки (Германия) - Онс Жабер (Тунис) бүкіләлемдік WTA санатында 47-орында орналасса, қарсыласы Симон Халеп 50-орынға табан тіреген. 

Сурет:london2012.com

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Ж. FM