Олимпиада рәмізі қалай қорғалады?

Олимпиада рәмізі қалай қорғалады?

Олимпиада сақиналары неге бесеу екенін білдік, ал енді сол сақинаны қалауымызша тоқайластырып өзіміз Қазақстанда неге кішігірім жарыс неге ұйымдастырмасқа деген ой келсе, райыңыздан қайтыңыз.

1981 жылғы 26 қыркүйекте Найробиде қабылданған Олимпиада рәмізін қорғау туралы Найроби шартын ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 9 қарашадағы № 350-IV Заңына Президент қол қойды. Бұл Заң 2011 жылғы 9 наурызда күшіне енді.

Бұл Заң бойынша Қазақстан шартқа қатысушы ел ретінде Халықаралық олимпиада комитетінің рұқсаты болған жағдайлардан басқа жағдайларда, Халықаралық олимпиада комитеті жарғысында анықталғандай түрде, олимпиада рәмізінен тұратын немесе осы рәмізді қамтитын кез келген белгіні таңба ретінде тіркеуден бас тартуға немесе тіркеуін жарамсыз деп тануға және коммерциялық мақсатта таңба немесе басқа белгі ретінде пайдалануға тиісті шаралар жолымен тыйым салуға міндетті.

Көрсетілген рәміздің аталған анықтамасы мен графикалық кескіні Қосымшада төмендегідей көрсетілген:

Қосымшаға сай Олимпиада рәмізі көгілдір, сары, қара, жасыл және қызыл түсті солдан оңға қарай орнатылған бес өзара байланысқан сақиналардан тұрады делінген. Ол бір немесе түрлі түспен бейнеленген олимпиадалық сақиналардан тұрады.

 

 Олимпиада рәмізі

 Олимпиада рәмізінің бейнесі 

 

Осы Шартқа жалғыз түпнұсқа данада ағылшын, испан, орыс және француз тілдерінде қол қойылады әрі барлық мәтіндер тең түпнұсқалы болады.

Қазақ тіліндегі ресми нұсқасын Әділет министірлігінде тіркелген электронды нұсқасынан көре аласыздар.

Дайындаған: Данияр Сәкенов

Сурет: london2012.com

D. SAKEN