Бокстан Жамбылдың жалғыз үміті - Жайлауов келесі кезеңге өтті

Бокстан Жамбылдың жалғыз үміті - Жайлауов келесі кезеңге өтті

Қазақстандық былғары қолғап шебері Ғани Жайлауов Олимпиада ойындарының бірінші кездесуінде жеңіске жетті. 

60 келі салмақ дәрежесінде жарыс жолына шыққан Ғани бірінші айналымда Тайланд елінің боксшысы Сайлом Ардимен жұдырықтасқан болатын. Кездесудің бірінші кезеңінде жамбылдық жігіт 4:5 есебімен есе жіберді. Дегенмен екінші және үшінші кезеңде ойынның өту барысын толығымен өз қолына алып, қарсыласын соққының астына алды. Жалпы кездсу 12:12 есебімен тең аяқталды. Бірақ қосымша көрсеткіштер бойынша, кездесудің төрешілері жеңісті біздің отандасымыз Ғани Жайлауовқа берді. Жарайсың, Ғани. Жеңісті жолың сәтті болсын! 

Сурет:london2012.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига