Яковлев пен Германович те жарыс жолынан шығып қалды

Яковлев пен Германович те жарыс жолынан шығып қалды

Академиялық ескек есуден еліміздің намысын Лондон елінде қорғауға аттанған Владимир Яковлев пен Светлана Германович екінші мүмкіндіктерінен де ширекфиналдық кезеңге шыға алмады.

Бірінші мүмкіндігінен ширек финалға шыға алмаған Германовичке ұйымдастырушылар қосымша мүмкіндік берген болатын. Дегенмен бұл мүмкіндікті де Света өз пайдасына пайдалана алмады. Ол 7:53:36 уақыт көрсеткішімен қосымша мүмкіндікті 3-ші болып аяқтады. Бірақ ширек финалдық жолдама үшін бұл көрсеткіш де жарамады. 

Ширек финал жолдамасына  Яковлевте қол жеткізе алмады. Қарағандылық спортшының уақыты 7:22:0. Дегенмен бұл көрсеткішпен де Владимир Яковлев финалдық кезеңге өте алмайды. 

Сурет: london2012.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига