Су добынан Қазақстан құрамасы Олимпиаданың алғашқы кездесуінде жеңіліске ұшырады

Су добынан Қазақстан құрамасы Олимпиаданың алғашқы кездесуінде жеңіліске ұшырады

Су добынан Қазақстан ерлер ұрамасы Олимпиада ойындарындағы алғашқы кездесуінде испандықтарға ұтылып қалды.

Ойынның бірінші кезеңінде біздің құрама Рүстем Үкіманов пен Влдадмир Ушаковтың арқасында қарсыластар қақпасына екі гол салған болатын. Дегенмен испандықтар жауап ретінде төрт бірдей голмен жауап қайтарды. Екінші кезеңде біздің құрама қақпасына бес гол еніп, қарсыластар қақпасының саңылауын бір ғана мәрте тапты. Гол авторы - Сергей Губарев. Ойынның үшінші бөлігі 3-3, ал жалпы есеп 14-6 испандықтардың пайдасына. 

Келесі кезеңде біздің құрама "жасыл құрлықан" келген Австралия құрамасымен жолығады. Кездесу 31 тамыз күні Астана уақытымен 19,10 басталады.

Сурет: http://vesti.kz

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Л. Лига