Қазақстандық теннисшілердің алғашқы жеңісі

Қазақстандық теннисшілердің алғашқы жеңісі

Қазақстандық теннисшілер Ярослава Шведова мен Галина Воскбоева Лондондағы Олимпиада ойындарындағы алғашқы жеңістеріне жетті.  

Бірінші айналымда жұптасып өнер көрсетуден қазақстандық қос спортшы Канадан келген Стефани Дюбуа және Александр Вознякпен кездескен болатын. Бұл ойын шамамен бір сағатқа созылған. Және Қазақстан теннисшілері 6:2, 6:0 есебімен айқын жеңіске жетті.

Айта кетейік, кездесу барысында еліміздің ракетка шеберлері барлық компаненттер бойынша қарсыластарынан басым болды. Тек "үйеңкі жапырақ" құрамасының теннисшілері ойын барысында аз-кем (қаптал бойындағы, артқы сызық бойындағы) қателіктерге бой алдырды. 

Келесі айналымда Шведова мен Воскобоева жұбы Ресей және Польша құрамаларының теннисшілері Надежда Петрова мен Мария Кириленко, Алисия Росольски және Клаудии Янс-Игначик жұптарының арасындағы жеңімпазға жолығатын болады.

Сурет:london2012.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

Ж. FM