Лондон Олимпиадасындағы алғашқы алтынды қытайлық спортшы иеленді

Лондон Олимпиадасындағы алғашқы алтынды қытайлық спортшы иеленді

Лондон Олимпиадасындағы алғашқы алтынды 10 метрден пневматикалық винтовка атудан үздік болып танылған қытайлық И Силин иеленді. 

Қытайлық спортшы финалда 502,9 ұпай жинаған. Ал екінші орынды 502,2 ұпай жинаған польшалық Силвия Богачка иеленіп отыр. Және тағы бір қытайлық спортшы Юй Дань үшінші орыннан көрінді. Оның жинаған ұпайы - 501,5 ұпай.

Естеріңізге салайық, спорттың осы түрінен болған байрақты бәсекеде біздің құраманың да алтыннан дәмесі бар еді. Алайда, Ольга Довгун іріктеу сынынан аса алмай, 22 орыннан ғана көрінді.

Сурет:www.market.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт 

Ж. FM