Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Лондон-2012 / Олимпиада тарихындағы ең қымбат медальдар Лондонда болмақ

Олимпиада тарихындағы ең қымбат медальдар Лондонда болмақ

Олимпиада тарихындағы ең қымбат медальдар Лондонда болмақ

Лондонда өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жасалған медальдар Олимпиада тарихындағы ең қымбат медальдар болып саналды. Жүлделерді дайындау үшін Ұлыбританияға Моңғолия мен АҚШ елінің Юта штатынан 8 тонна алтын, күміс және мыс жеткізілді. 

"Медальдар 2 шілде күні Лондон Тауэріне жеткізілді, енді біз оларды жақсылап күзетеміз", - дейді британдық "Тарихи корольдік сарайлар" ұйымының өкілі Трэйси Сэндс. Британ тәжінің әшекейлерімен бірге 4700 Олимпиада және паралимпиада медальдары сақталады. 

Олимпиада-2012 ойындарының медальдары көлемімен де ерекшеленеді: диаметрі 85 мм, қалыңдығы 7 мм. Сондай-ақ, бұл медальдар бұрын-соңды дайындалған ең ауыр Олимпиада жүлделерінің бірі болып қалмақ. Салмағы 410 грамм болатын алтын жүлденің құрамында тек 6 грамм ғана алтын бар, қалғаны күміс пен мыстың қоспасы. Естеріңізге сала кетсек, Бейжіңдегі жүлделердің салмағы 200 грамм шамасында болған еді. 

Медальдардың дизайнын британдық суретші Дэвид Уоткинсон жасаған. Ол медаль бетіне грек жеңіс құдайы Никаны бейнелеуді шешкен. Ал медальдің сырт бетінде Олимпиада ойындарының логотипі орын алған. 

Айта кетсек, Олимпиада ойындарының ресми ашылу салтанаты жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00 (Астана уақытымен 27-сінен 28 шілде күніне қараған түні сағат 02:00-де) басталады. Ойындардың басталуы қоңыраудың соғылуымен атап өтіледі.

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: topwalls.net

721 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 27 шілде 2012, 13:35
Пікірлер
+0
27 шілде 2012, 12:42

Лондондықтар барлық жағынан асып түсейін деп отыр

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...