Лондон олимпиадасында фотографтардың жұмысын роботтар атқармақ

Лондон олимпиадасында фотографтардың жұмысын роботтар атқармақ

Лондон олимпиадасында ойын кезіндегі ең жарқын сәттерді суретке түсіру енді роботтардың міндеті болмақ. DeviceMAG сайтының хабарлауы бойынша, арнайы осы ақпараттық агенттік үшін 11 ақпараттандырылған камера қойылған. Бұл үшін түрлі өлшемдегі линза – 24-105 миллиметр, 70-200 миллиметр өлшемде түсіретін 18,1 мегапикселді Cannon 1-DX камерасы дайындалған.

Бұл жүйе джойстиктің көмегімен «тірі» фотографтар арқылы басқарылатын болады. Фотографтар көзді ашып- жұмғанша суретке түсіріп, ол жазылуға жіберіліп отырады. Камералар мейлінше адам қолы жете бермейтін орындарда орналастырылатын болады.

Роботтандырылған камералар ойынның нағыз динамикалық әсерлі сәттерін суретке түсіріп отырады. Бүл жүйе үстел теннисі, бокс, таэквондо, дзюдо, күрес, семсерлесу және ауыр атлетика сынды т.б. спорт түрлерінде еш үзіліссіз қызмет жасайтын болады. Сонымен қатар, олардың көмегімен олимпиадалық орындарда өтіп жатқан жүзу, баскетбол, гимнастика сынды спорт түрлерін алыстан түсірілген суреттерін де көруге болады. Осы жүйені ұйымдастырушылардың бірінің айтуынша, бұл құрылғы ойындарды еш кедергісіз суретке түсіріп отыру үшін ойлап табылған. «Тірі» фотографтар ойындарды 30 метр жоғарыдан суретке түсіретін болады.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: vesti.kz

А. Әбілхан