Лондон-2012 олимпиадасына орай Қазақстанда баспасөз орталығы ашылады

Лондон-2012 олимпиадасына орай Қазақстанда баспасөз орталығы ашылады

27 шілде 12 тамыз аралығында Астана мен Алматы қалаларында олимпиадалық баспасөз қызметі жұмыс істейді,- деп хабарлайды Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі. Еліміздің спорт мекемесінде XXX жазғы олимпиада ойындарының нәтижелерін көпшілікке қолма-қол таратуды көздеп отыр.

Баспасөз орталығы ғаламтор жүйесіне қосылған ноутбуктермен және байланыс телефондарымен жабдықталады. Сондай-ақ, Ұлыбритания астанасында да БАҚ өкілдеріне арналған дәл осындай орталық ашылады және тың ақпарат көзіне қол жеткізу үшін орталықтар арасында өзара байланыс орнатылуы да мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, Лондонда өтетін жазғы олимпиада ойындары шілде айының 27 жұлдызынан 12 тамыз күніне дейін жалғасады. ХХХ жазғы олимпиада ойындарында Қазақстан намысын 25 спорт түрінен 116 спортшы қорғайды. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: vesti.kz

Ж. FM