Лондон Олимпиадасы ұсынып отырған таңғажайып шоу

Лондон Олимпиадасы ұсынып отырған таңғажайып шоу

Лондондағы ойын-сауық индустриясы спортшылардан кем дайындалып отырған жоқ. Мәселен, London Eye айналма дөңгелегі олимпиада қарсаңында қалың жұртшылықты үлкен бір әсерге бөлейін деп отыр. 19 шілдеден бері іске қосылған атақты айналма дөңгелек түні бойы неше түрлі жарықтардың жиынтығынан тұратын таңғажайып шоу сыйлап келуде...

Бір қарағанда жай ғана жарық сияқты болып көрінгенмен, интернеттің бір қатысы бар болып шықты. Осы бір қызықты да қызғылықты шоу олимпиадаға байланысты Twitter-хабарламасының көңіл-күйін білдіріп тұратын болады. 

Ең қызығы сол, айналма дөңгелектің жарықтары Twitter-ге келген хабарламаларға байланысты өзгереді. Мәселен, адамдардың жарқын қуаныштары London Eye-ні сары, қызыл, қызғылт секілді түстерге шомылдырып жібереді.

Айта кетсек, аталған жобаны Ұлыбританияның үлкен компанияларының бірінде жұмыс жасайтын Майкл Телвелл есімді профессор ойластырған. 

Жоба ұйымдастырушысының сөзіне сенсек, әлеуметтік желі арқылы басқарылатын шоудың арқасында талай адамның көңілін көтеруге болады-мыс. Оған қоса олимпиада тұсындағы жанкүйерлердің көңіл-күйі, бастан кешіп жүрген сезімдері белгілі болады деп санауда... 


Сурет: xakep.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига