Олимпиададағы бренд полициясы

Олимпиададағы бренд полициясы

Лондондағы олимпиада ойындарының басталуына санаулы-ақ күн қалды. Ал жергілікті полиция өкілдері болса, өз құрамдарының әлі де толықпағанын айтып мұң шағуда. Телі-телпектерді тәртіпке шақырып, ел тыныштығын қамтамасыз етіп жүретін мемлекет қызметкерлері бар кінәні жеке фирманың (полиция қызметкерлерін дайындайтын) жауапсыздығына артып отыр. Қазіргі таңда аталған фирма полиция қызметкерлерінің құрамын толықтыру мақсатында тренингтен тренинг өткізіп, үлгере алмай жатыр екен.

Есесіне бренд құқығын қорғау полиция қызметкерлері сақадай-сай дайын отыр. Құрамында 286 офицері бар құқық қорғау қызметкерлері жарты ай бойы Олимпиада комитеті мен ең басты демеушілерді (Adidas, McDonald's, Coca-Cola және BP) қорғайтын болады. Оған қоса олардың негізгі міндеттері - линцензиясы жоқ олимпиада символикасы бейнеленген тауар мен заттарды дер кезінде анықтап, құрықтау. Мәселен, "2012", "алтын", "күміс", "қола", "ойын", "Лондон" сияқты сөздер кездесіп жатса, лицензия болмаған жағдайда тауар иелері сотқа беріледі. Бұл қатарға кафе мен мейрамхана секілді үлкен орталықтар да өз кезегінде жатқызылған.

Сонымен қатар олимпиада ойындары өтетін қырыққа жуық стадионда 800-ден астам компания фастфуд сату құқығынан айырылып отыр. Себебі, "Макдональдс" корпорациясы Олимпиада ойындарының бас демеушілерінің қатарынан саналады. 

Сурет: novate.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига