Лондон Олимпиадасының ең сұлу қатысушысы кім?

Лондон Олимпиадасының ең сұлу қатысушысы кім?

Суретте: Антония Мисура

Дүйім дүние көз тігетін Лондон Олимпиадасы басталуға аз қалғанда көзіқарақты көрермен ойын қатысушыларының ішіндегі ең сұлу ойыншыны таңдап үлгерді. Bleacherreport.com сайты "Олимпиаданың ең сұлу аруы - Антония Мисура" деп шешіпті. Хорватия құрамасы Олимпиадаға сақадай сай болып келмесе де, 24 жасар сұлу баскетболшысымен мақтана алды. 

Естеріңізде болса, AskMen.com сайты төрт жыл бұрынғы Бейжің Олимпиадасы сұлуларының көш басына сербиялық теннисиші Ана Ивановичті қойған еді.


Суретте: Ана Иванович

Сурет: sovsport.ru, meredesigns.blogspot.com, jutarnji.hr, index.hr

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

М. Оңғарова