Эверест шыңын бағындырған зағип альпинистті білесіз бе?

Эверест шыңын бағындырған зағип альпинистті білесіз бе?
Фото: championat.com

Эрика Вайхенмайердің Эверест қана емес, әлемде  бағындырмаған тау шыңы жоқ. Ол мұнымен тоқтап қалмай шаңғымен сырғанап, парапланмен ұшып, парашютпен секірген. Бір сөзбен айтқанда экстремал спортты сүйетін саяхатшы.

Ол бала кезінен баскетбол мен велоспортты жақсы көретін. Осы спорт түрлерімен кәсіби түрде айналысқысы келген. Бірақ бұл арманның жүзеге асуына "көз торының туа біткен ақауы" диагнозы кедергі келтірген. Сонымен қатар, дәрігерлер бірнеше жылдан кейін Эрик мүлдем соқыр болады деп болжаған. Өкінішке қарай, болжам қате болмаған.

@erikweihenmayer

Бала ұзақ уақыт бойы ауруға қарсы тұрды және оны мойындағысы келмеді. Көзі көрмейтіндерге арналған бірнеше таяқты сындырып тастады. Туыстарын көзі көрмейтін адамдарды алып жүру үшін жолсерік ит қажет емес деп сендіріп, Брайль жазуын үйренуден бас тартты.

Эрик спортты тастамады, ол футбол мен бейсбол ойнай бастады, бірақ ештеңе нәтиже бермейді. Осыған байланысты оның депрессиясы күшейеді, бала жаттығуды тоқтатады. Бірақ көп өтпей спортсыз өмір сүре алмайтынын түсінеді. Осыдан кейін еркін күреске әуес болған Эрик мектеп командасының капитаны, кейін тіпті еркін күрестен жаттықтырушы болады.

@erikweihenmayer

27 жасында олалғаш рет Аляскадағы 6190 метрлік "Денали" тауына шығып, әлемдік рекорд орнатты.

2001 жыл Эверестке шыққан Эрик Вайхенмайер үшін ең айтулы жыл болды. Осыдан кейін оның суреті Time журналының мұқабасында жарияланды. 2002 жылы Солт-Лейк-Ситиде өткен Паралимпиада ойындарының эстафетасының соңында алауды жақты.

"Соқырлық менің бейсбол немесе баскетболшы болмайтынымды түсінуге мәжбүр етті, сондықтан бұл менің таңдауымды біршама шектеді. Содан кейін альпинизмге ғашық болдым", - дейді ол.

© East News

Эрик спортты тоқтатпады. Ол веломарафондарға қызығушылық танытты. Сондай-ақ оның сүйікті спорт түрлерінің қатарында таулы өзендерде парашютпен секіру бар. Сонымен қатар, Эрик планермен ұшқан.

Вейхенмайерден оның қалай тауға шығатынын сұрағанда, Эрик бос қуыс бар жерде міндетті түрде жартас бар екенін түсіндіреді. Әрине, ол оған басқа альпинистер көмектеседі.

"Өмірде кез келген адамды "құлдырататын" кедергілер болады. Бірақ біз оларды жеңіп, бақытты өмір сүре аламыз. Біз өзімізді, отбасымызды және айналамыздағы адамдарды мәнді өмір сүру үшін барлық жағынан қолдауымыз керек, - дейді 51 жастағы Эрик Вайхенмайер.

Эрик Вайхенмайер 2015 жылғы есеп бойынша Эверест шыңына шыққан әлемдегі жалғыз зағип адам (2001 жылдың 25 мамыры). 2002 жылдың қыркүйегінен бастап Вейхенмайер әлемдегі ең биік шыңдарды бағындырудан тұратын "Жеті шың" бағдарламасын аяқтаған 150 альпинистің ішінде жалғыз соқыр адам болған (2002 жылдың қыркүйегі).

Т. Раушанұлы