Археологтар Қытайда 2 400 бұрын қолданылған ежелгі унитазды тапты

Археологтар Қытайда 2 400 бұрын қолданылған ежелгі унитазды тапты
Фото: hi-news.ru

Дүние жүзіндегі алғашқы унитазды 1596 жылы Англияда Джон Харрингтон патшайым І Елизавета үшін жасаған деп есептеледі. Дегенмен, археологтардың жақында тапқан унитазы Қытайда кем дегенде бір жарым-екі мың жыл бұрын пайда болғанын көрсетеді.

Лиян қаласындағы сарай қирандыларының арасынан қазба жұмыстары кезінде көне унитаздың қалдығы табылды. Бұл бұрыннан табылған ең көне унитаз болуы мүмкін. Аталмыш унитаздың сарайдың сыртында орналасқан су төгетін шұңқырға апаратын құбыры болған. Б.з.б. бұл сәнді бұйымды сарайдың жоғары шенді тұрғындары пайдаланғаны даусыз.

Қытайдағы ежелгі жоғалған қала

Қытайдың қазіргі Лиян қаласының аумағында көне қала сонау 1980 жылдары табылған. Содан кейін археологтар алдымен қала қирандыларын тапты. Жылдан жылға мұнда ауқымды қазба жұмыстары жүргізілді. 2012 жылы археологтар тағы екі қамал кешенін ашты, ал 2022 жылы үшінші қамал кешені де анықталған. Археология институтының ғылыми қызметкері Лю Жуидің айтуынша, кешен тұтастай алғанда, оңтүстікке қарайтын екі ғимараттан тұрады. Екеуі де тікбұрышты.

Қытайдағы ежелгі жоғалған қала қалдығы

Қытайда табылған көне қамалдың қирандылары

Зерттеушілердің айтуынша, солтүстіктен оңтүстікке апаратын барлық жол негізгі сарай ғимараттары арқылы өткен. Бұл жаңалық Цинь және Хань династияларының соғысып жатқан патшалықтары астанасының макетін зерттеу үшін үлкен құндылыққа ие.

Жұмбақ жәдігер – "корольдік қақпа шатыры"

Қазіргі уақытта ғимараттардан тек платформалық іргетастар ғана қалған. Сонымен қатар, археологтар "корольдік қақпа шатыры" деп аталатын үлкен жартылай дөңгелек тасты да тапты. Алдағы уақытта ғалымдар арасында бұрыннан келе жатқан дау-дамайға айналған сарайлардың төбесінде мұндай нәрсе қай жерде қолданылғанын анықтауды жоспарлап отыр.

Ежелгі унитаздар қандай болған?

Сарапшылардың пікірінше, бұл унитаздың жасы 2200-ден 2400 жылға дейін, яғни ол соғысушы мемлекеттерден Хан әулетінің басына дейінгі кезеңде жасалған.

Унитаз 2022 жылдың жазында табылған. Ол екі негізгі элементтен тұрады - платформадағы дәретхана және ғимараттың сыртында орналасқан кәріздік шұңқыр. Ғалымдардың айтуынша, көне унитаз қазір қандай болса, дәл солай ағызылған. Әрине, ол кезде ағын су болмағандықтан, қызметшілер дәретхананы пайдаланған сайын су құйып ағызып отырған.

Сондай-ақ, археологтар дәретхана мен су төгетін шұңқырға апаратын құбырдың кейбір қосымша бөлшектерін тапты.

Дөңгелек тастар - қамал алаңында табылған тағы бір қызықты олжа

Айта кету керек, археологтар бұл олжаны жеке бөліктерден жинағанға дейін құпия ұстады. Бірақ қазір ежелгі унитаз қандай болғаны туралы түсінік бар.

Археологтардың айтуынша, бұл Қытайда табылған алғашқы және жалғыз көне унитаз. Бұдан біз олардың көп таралған емес екендігі туралы қорытынды жасауға болады. Ежелгі кешен аумағында зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Т. Раушанұлы