Кейінгі 500 жылда алғаш рет болған апат Венецияны танымастай өзгертті

Кейінгі 500 жылда алғаш рет болған апат Венецияны танымастай өзгертті
Фото: Getty Images/NurPhoto

Венеция каналдарындағы су деңгейі қалыпты жағдаймен салыстырғанда жарты метрге төмендеді. Бұл туралы 20 ақпанда Reuters агенттігі хабарлады.

Биылғы жағдайға байланысты су техникалары, су таксилері мен төтенше жағдайда әрекет ететін қайықтар кейбір арналарда жүре алмай қалған.

Әдетте қала су тасқынынан зардап шегеді, бірақ қазір жаңбырдың болмауы, жоғары атмосфералық қысым және төмен теңіз толқыны сияқты факторлардың қосындысы су деңгейінің төмендеуіне және арналардың толық дерлік құрғап қалуына әкелді.

Бұл Италияның солтүстігінде биыл болатын құрғақшылықтың хабаршысы болуы мүмкін. Ғалымдар биылғы қыста Альпіде қардың жеткіліксіз жауғанын және аймақтағы ең үлкен өзен По өзенінің суы тиісінше 61%-ға аз екенін атап өтті.

Бұған дейін 30 қаңтарда The Independent газеті жерасты суларының толығуына кедергі келтіретін қатты құрғақшылық салдарынан Еуропа табиғи апаттың алдында тұрғанын жазған. Орталық Еуропада су тапшылығы 2018 және 2019 жылдың жаз айларында сезілді. Содан бері жерасты суларының деңгейі айтарлықтай көтерілген жоқ және олар тұрақты түрде төмендеген.

Әлемде су тапшылығы болуы мүмкін

Бұған дейін өткен жылдың қараша айында Сирия мен Түркияда да құрғақшылық пен өзендердегі су деңгейінің күрт төмендеуі жағдайында сумен қамтамасыз етуде қиын жағдай қалыптасып жатқаны хабарланған болатын. Соның салдарынан мыңдаған отбасы үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Сарапшылардың пайымдауынша, жақын болашақта аймақты гуманитарлық апат және су ресурстары үшін ықтимал шайқастар күтіп тұр.

2022 жылдың жазында қалыптан тыс құрғақшылық Америка Құрама Штаттарында судың ауқымды қысқаруына әкелді. Ірі өзендердегі су деңгейі рекордтық деңгейге дейін төмендеді. Атап айтқанда, елдің батысындағы екі штатта ресурстарды тұтынудың қысқаруы туралы айтылды. Тамыз айында Англияның оңтүстік-батысында құрғақшылық жарияланды.

Ғалымдардың айтуынша, биыл жағдайдың өзгеруі екіталай. Британдық The Guardian 20 желтоқсанда Британдық метеорологиялық қызметке сілтеме жасап, 2023 жыл тарихтағы ең ыстық жылдардың бірі болуы мүмкін екенін жазды.

Венеция сусыз қалай өмір сүреді?

Венецияда қазір қатты су тасқыны және су деңгейінің нормадан жарты метрге жуық төмендеуі байқалады.

Синоптиктер кейінгі бірнеше айда Италияның солтүстік-шығысында жауын-шашынсыз құрғақ ауа райы 2022 жылғы құрғақшылықтан бері жалғасып, жағдайды ушықтырғанын мәлімдеген.

Италиядағы климатқа не болып жатыр?

Өткен жылы Батыс, Орталық және Оңтүстік Еуропада жаздың екі айында айтарлықтай жауын-шашын болған жоқ.

"Кейінгі 500 жылда 2018 жылғы құрғақшылыққа ұқсас оқиғалар болған жоқ деп айта аламыз, ал 2022 жыл жағдай тіпті қиындады", - деді Еуропалық Комиссияның Бірлескен зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Андреа Торети.

Сонымен қатар, кейінгі жылдары Венециядағы жағдай жиі өзгеріп отырды. 2019 жылы жарты ғасырдан астам уақыттағы ең үлкен толқын болды. Қала 1 миллиард еуроға жуық шығынға ұшырап, адамдар тізеге дейін су кешіп жүрді. Осыдан кейін Венеция билігі MOSE lock жобасы бойынша жұмысты қайта бастады.

Т. Раушанұлы