Аспаннан түскен акула, ілулі адам. Әлемдегі ерекше 8 мүсін

Аспаннан түскен акула, ілулі адам. Әлемдегі ерекше 8 мүсін
Фото: Фредрик Раддумның мүсіні

Көптеген классикалық ескерткіштерді кез келген қаладан көруге болады. Олардың арасында кейде ерекше туындылар да кездеседі. Кейде мүсіншілер өз жұмыстарына соншалықты шығармашылық идеялармен келеді, олардың бейнелері бүкіл қаланың символдына айналады. Сонымен, әлемдегі ең ерекше 8 ескерткішке тоқталайық.

© Udo Bernhart/Global Look Press

Үстел шанышқылары, Швейцария

Женева көлінде, әдемі Вевей қаласына жақын жерде тот баспайтын болаттан жасалған сегіз метрлік шанышқы бар. 2014 жылы ол тіпті өлшемі бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Ла Фуршет деп аталатын ерекше ескерткішті мүсінші Жан-Пьер Зауг 1996 жылы Алиментарий тағам мұражайының он жылдығына жасаған. Рас, ол көп ұзамай бұзылған. Вевей шенеуніктері эстетикалық себептермен шанышқылардың көрменің бір бөлігі болуына рұқсат бермеді.

Тек он жылдан кейін петицияға қол қоюдың арқасында ол бұрынғы орнына қайта оралды. Жергілікті тұрғындар мен туристер оны қайтаруды талап етті.

© XinHua/Global Look Press

Бас бармақ, Франция

Париждің шетіндегі La Defence іскерлік ауданында Сезар Балдаччидің 12 метрлік қоладан жасалған авангардтық бас бармағы алыстан байқалады.

Мүсіннің салмағы – 18 тонна. Ал оның мағынасы өте қарапайым: бұл бәрі жақсы дегенді білдіретін халықаралық ым.

Айтпақшы, бұл мүсіншінің жалғыз жұмысы емес. Ескерткіштің нақты көшірмелері Сеул мен Марсельде орналасқан.

© Wikimedia.com

Аспаннан түскен акула, Англия

Оксфордтың шетіндегі Нью-Хисса көшесіндегі ескі үйдің төбесінде басы жоқ акула мүсіні Нагасаки атом бомбасының құрбандарына арналған.

Ескерткіш 1986 жылы – қайғылы оқиғаның 41 жылдығы қарсаңында ескерткіш орнатылған. Бірақ ол барлығына ұнай қойған жоқ – оның алынып тасталуы туралы бірнеше жыл бойы дау болған. Бірақ мүсін әлі сол жерде тұр.

© instagram.com/derek_letters

Ілулі адам, Чехия

Чех мүсіншісі Дэвид Черни өзінің ерекше  жұмыстарымен танымал. Солардың бірі – 1996 жылы жасалған Зигмунд Фрейд мүсіні. Танымал психологтың мүсіні Гусовая көшесіндегі үйдің шатырында бір қолымен ілулі тұр.

2007 жылы Чикагодағы көрмеде «ілулі адам» ұсынылған кезде, Дэвид Чернидің туындысы өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлерін қатты алаңдатты.

Төтенше қызметтерге алаңдаушы жолаушылардан ондаған қоңыраулар түсті. Айтпақшы, кейбір чехтар бұл ескерткіштен саяси астар көреді - олар мүсінші Зигмунд Фрейдті емес, Владимир Ленинді бейнелегеніне сенімді.

© celandin8days.com 

Бюрократ мүсіні, Исландия

Суретші Магнус Томассонның "Белгісіз бюрократ" мүсіні Рейкьявиктегі ең ерекше ескерткіші. Онда портфелін көтеріп, қалалық әкімдікке қарай келе жатқан костюмдегі адам бейнеленген.

Тек бас пен иықтың орнына үлкен базальт тақтасы бар. Кейбіреулер мұны бюрократияның өткір сатирасы дейді. Басқалардың айтуынша, суретші қарапайым халықтың өмірі көп жағынан тәуелді болған қарапайым шенеуніктердің еңбегіне құрмет көрсеткісі келгкен.

Бүгінде бұл түсініксіз мүсіннің кішірек көшірмелері әсіресе жергілікті тұрғындар мен туристер арасында танымал.

© Gunther Willinger/Global Look Press

Жұмбақ бағаналар, Оңтүстік Африка

2012 жылы Оңтүстік Африканың Ховик шағын қалашығында 50 болат конструкция пайда болды. Бір қарағанда, бұл ешқандай мағынасы жоқ.

Бірақ егер сіз белгілі бір бұрыштан мұқият қарасаңыз, Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты және Оңтүстік Африканың тұңғыш қара нәсілді президенті Нельсон Манделаны көресіз. Ескерткіштің авторы - Марко Чианфанелли.

Мүсіншінің айтуынша, болат бағаналар саясаткер  27 жыл түрмеде отырған түрменің темір торын бейнелейді. Бүкіл әлемде Нельсон Мандела адам құқықтары үшін күрескер ретінде танымал, ол көптеген отандастар үшін батылдық, мейірімділік пен құрбандықтың үлгісіне айналды. Мемориал оның апартеид режимінің жақтастары тұтқындағанына 50 жыл толуына орай орнатылған.

© instagram.com/ming_squared

Неке сақиналары, Канада

Ванкувердегі Ағылшын шығанағының жағасында ең романтикалық мүсіндердің бірін көре аласыз. Бұл шыныдан, алюминийден және болаттан жасалған екі поп-арт үйлену сақинасы.

Қымбат тастың орнына мүсінші сақина үстіне шам орнатқан. Қараңғы түсе салысымен олар ескерткіштің айналасын жарық етеді. Сырттай қарағанда, ескерткіш құлап бара жатқанға ұқсайды.

Бұл әсерге жету үшін сәулетші Деннис Оппенхаймға дәл есептеу көмектескен.

Шындығында, олар іргетаста берік бекітілген. Автор ойды осылай жеткізгісі келді: тепе-теңдікті сақтау үшін қарым-қатынаста жұмыс істеу керек дейді.

© instagram.com/liudmilazholnerova

Көрінбейтін адам, Ресей

Ресейде де көптеген оғаш ескерткіштер бар. Олардың бірі Екатеринбургте, В.Г.Белинский кітапханасының аумағында орналасқан. Бұл көзге көрінбейтін адамға арналған әлемдегі алғашқы ескерткіш.

Ол Герберт Уэллстің аттас әңгімесінің кейіпкеріне арналған. Мүсін кішкентай қола тақтайшадан, гравюрадан және екі жалаң аяқ ізінен тұрады. Жоба авторлары – жазушы Евгений Касимов пен суретші Александр Шабуров.

Олардың пікірінше, бұл ескерткіштің қосымша мәні бар: ол адамның жалғыздығын және қазіргі әлемдегі шынайы қарым-қатынастың жоқтығын бейнелейді.

Т. Раушанұлы