Қытай мен АҚШ: ғарышты игеру жарысында кім озады?

Қытай мен АҚШ: ғарышты игеру жарысында кім озады?
Фото: o-ros.info

Әлемде ғарышты игеруге ұмтылатын ең дамыған елдер бар. 1960 жылдары басталған ғарыш жарысы кейінгі 2-3 жылда үдей түсті. Қазір Қытай АҚШ пен Ресейден кейінгі орында тұр.

Өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап адамзаттың ғарышты игеру қозғалысы басталды. 1957 жылы кеңес ғалымдары алғашқы жер серігін ұшырса, 1961 жылы Юрий Гагарин ғарышқа аттанды.

КСРО ғарышкерлері Айға неге ұшпады?

Содан кейін АҚШ пен бұрынғы КСРО Айға бірінші бару жарысын бастады. 1969 жылы америкалық Нил Армстронг Айға қонған алғашқы адам болды.

Айда АҚШ туын қадаған астронавт Базз Олдрин / © NASA

Мемлекеттердің ғарышты игеруге бөлетін қаржысы?

1969 жылдан 1972 жылға дейін 12 АҚШ астронавты Айға қонды, содан кейін Айға бару көп қаржыны талап етеді деген сылтаумен бұл миссиялар тоқтатылды.

АҚШ-та кейінгі жылдары Айға қайта оралу жоспарлары жандана бастады. Бұл ғарыш саласында кімнің күшті екенін дәлелдеуге, Айға зерттеу жүргізуге, тіршілік ізін табуға бағытталған.

NASA жаңа рейсті 2025 жылға дейін іске қосуды жоспарлап отыр. Ол үшін Кеннеди ғарыш орталығында жаңа үлкен SLS зымыраны ұшырылады деп жоспарланған. АҚШ-тан басқа, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Ресей, Үндістан және БАӘ де Айға бару миссиясын орындауға тырысып жатыр.

2021 жылы ғарыш бағдарламаларына ең көп қаржы жұмсаған елдер\ Инфографика: BBC

Жер бетіндегі өмір сапасы нашарлап бара жатқандықтан, бай елдер ғарышты зерттеп, өмір сүруге жарамды планеталарды іздеуде. Бірақ ғарышты игеру үлкен шығынды талап етеді. Мысалы, 2021 жылы ғарыш зерттеулеріне көп қаржыны АҚШ жұмсаған – 55 млрд доллар. Ал, Қытай – 10,3 млрд доллар, Жапония – 4,2 млрд доллар, Франция – 4 млрд доллар, Ресей – 3,6 млрд доллар, Еуропа Одағы – 2,6 млрд доллар, Германия – 2,4 млрд доллар жұмсады.

Миллиардерлердің ғарышты игеру жарысы

Әдетте, үкіметтер ғарышты игеруге ақша бөледі. Ал енді ұшу ақысын төлей алатын кез келген миллиардер ғарышқа жол тарта алады. Миллиардерлердің тізімінде қазір Илон Маск, Джефф Безос және Ричард Брэнсон үштігі бар.

Адам ғарышқа жақындай түсті: Ричард Брэнсон ғарышқа жеке ұшақпен ұшқан алғашқы адам атанды

Олардың ішінен алғаш болып ұлыбританиялық Ричард Брансон ғарышқа ұшты. Ол 2021 жылдың шілдесінде өзінің Virgin Galactics компаниясы құрастырған ұшақта ғарышты бағындырды. Ол теңіз деңгейінен 90 км биіктікке көтерілді.

Ғарышқа сапар. Миллиардер Джеф Безос 10 минутта ғарышқа барып келді

Содан кейін Amazon негізін қалаушы америкалық Джефф Безос өзі негізін қалаған Blue Origin компаниясының зымыранымен ғарышқа ұшты. 10 минуттан сәл астам уақытқа созылған ұшу кезінде зымыран капсуланы төрт адамнан тұратын экипажымен теңіз деңгейінен 100 км қашықтықтағы орбитаға көтеріп, кейін кері қонды.

SpaceX алғаш рет ғарыш туристерін Халықаралық ғарыш станциясына апарды

Брэнсон мен Безостан қалмау үшін, Илон Маск алғашқы туристерді 2022 жылы сәуірде SpaceX-тің Crew Dragon ғарыш кемесі арқылы Жер орбитасына шығарды.

Масктың Марсқа қатысты 100 жылдық жоспары

SpaceX-ке АҚШ үкіметі де Айға ұшатын ғарыш кемелерін жасауды тапсырды. SpaceX NASA өткізген байқауда жеңіске жетіп, 2,89 миллиард долларлық келісімшартты жеңіп алды. Енді Илон Маск алғашқы әйеллі содан кейін ер адамдардан құралған экипажды Айға ұшырады.

SpaceX ғарышкерлерді Айға ұшырады

Қытай ғарыш станциясын салғысы келеді

Ғарышты зерттеуді бастаған елдердің ішінде Қытайдың да еңбегі ерекше. Қытай – әлем тарихында ғарышкерлерді ғарышқа жіберген және ғарыш станциясын салған үшінші ел. Өткен жылы Қытай "Тяньгун" деп аталатын ғарыш станциясы үшін алғашқы моделді орбитаға шығарды.

2023 жылы қытайлар ғарыш стансасына жақын ұшып, қызмет көрсетуге қосылып, жанармай құятын "Сюньтиан" ғарыш телескопын ұшырмақшы.

"Тяньгун" станциясы 5 бөліктен тұрады. Оның ішіне экипаждың тұратын бөлмесі, екі ғылыми зертхана, роботты жүк кемесі, негізгі модуль және негізгі өмір сүру аймағы кіреді. Тяньгунның мақсаты – 2031 жылға қарай Халықаралық ғарыш станциясының көшірмесін жасау.

Ғаламдағы көп функционалды бағыттағы белсенділік

Қытай ғарыш станциясын салумен шектелмек емес. Ол көп функциялы бағытта ғаламды иемденгісі келеді. Бірнеше жылдан кейін Қытай Жерге жақын планеталардан үлгі алуды жоспарлап отыр. 2030 жылға қарай ол өзінің алғашқы астронавттарын Айға ұшырып, Марс пен Юпитерден үлгі алу үшін зондтар жіберуді жоспарлап отыр.

Қытайдың ғарышты игеру жоспары келесідей:

• Тяньгун ғарыш станциясының құрылысын 2022 жылдың соңына дейін аяқтау;

• 2025 жыл Жерге жақын планеталардан үлгілерді жинау;

• 2030 жыл Марс сынамаларын алу миссиясы;

• 2030 жыл Юпитерге зонд жіберу;

• 2030 жыл Айға ғарышкерді жіберу;

• 2035 жыл көп рет қолданылатын зымыран тасығыштарды әзірлеу және жетілдіру;

• 2040 жыл ядролық ғарыш аппаратының құрылысы;

• 2045 жыл ғарыштағы державаның көшбасшысы болу.

Қытайдың галактикаға қатысты тарихы

Қытай өзінің алғашқы жер серігін 1970 жылы орбитаға шығарды. Ол кезде Қытайдағы мәдени революцияның себебінен жаппай тәртіпсіздіктер болды. Сол жылдары ғарышта АҚШ, Кеңес Одағы, Франция және Жапония ғана үстемдік құратын. Кейінгі онжылдықта Қытай 200-ден астам зымыран ұшырды. Жақында Айдан ттопырақ үлгілерін жинау үшін Change-5 деп аталатын зонд ұшырды.

Қытай зонды араға 44 жыл салып Айдан топырақ үлгісін әкеледі

Бір қызығы, Қытай 70-жылдары орнатылған АҚШ туынан да үлкенірек туды Айға әдейі орнатқан. Осы уақытқа дейін Қытай 14 ғарышкерді ұшырды (ал, АҚШ 340, Ресей 130-дан астам ғарышкер ұшырған).

Әрине, Қытайдың ғарышқа сапарының барлығы сәтті бола бермейді. Мысалы, 2020 жылы 2 рейс сәтсіз аяқталды. 2021 жылы зымыранның бір бөлігі орбитадан шығып, Атлант мұхитына құлады.

Ғарыш бағдарламаларын қаржыландыру

Қытайдың мемлекеттік ақпарат агенттігі Синьхуа Қытайдың ғарыш бағдарламаларында 300 мың адам жұмыс істейтінін хабарлады. Бұл қазіргі уақытта NASA-да жұмыс істейтін қызметкерлер санынан 18 есе көп. Қытай ұлттық ғарыш басқармасы 2003 жылы құрылды. Сол кезде оның бастапқы жылдық бюджеті 300 миллион долларды құрады.

2016 жылы Қытайда ғарыш саласында жеке компаниялар ашыла бастады, қазір олар жылына 1,5 миллиард доллар инвестиция салады.

Ғарышқа ұмтылудың мақсаты қандай?

Қытай телекоммуникация, әуе қозғалысын басқару, ауа райын болжау, навигация және т.б. үшін спутниктік технологияны дамытуға ұмтылуда. Бірақ оның көптеген жерсеріктерінің әскери миссиясы бар екені айтылады.

Спутниктер Қытайға тыңшылық жасауға және алыс қашықтықтағы зымырандарды басқаруға көмектесе алады.

Портсмут университетінің ғарыш жобасының менеджері Лусинда Кинг Қытай ғаламның барлық аспектілерін пайдаланғысы келетінін айтады. Оларда жоспарлаған бағдарламаларды қаржыландыру үшін ресурстар мен саяси мотивация бар. Қытайдың Айға миссиясының тағы бір себебі – Ай бетіндегі сирек заттарды түсіру.

Ғарыш ережелерін кім әзірлейді?

Ғарышта қалай жұмыс істеу керек, оны қандай мақсатта және қандай тәртіппен пайдалану керектігі туралы тәртіп бар. Атап айтқанда, 1967 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының Ғарыш туралы келісімі бірде-бір мемлекет ғаламның кез келген бөлігін иемдене ете алмайды деген.

Біріккен Ұлттар Ұйымының 1979 жылғы Айға қатысты келісімі ғаламды коммерциялық мақсатта пайдаланбау керек деп белгіледі, бірақ АҚШ, Қытай және Ресей оған қол қоюдан бас тартты.

Енді АҚШ келісімге келуді алға тартып отыр. Келісімде елдердің Ай минералдарын қалай бөлісетіні жазылған. Алайда Ресей мен Қытай АҚШ-тың ғарыш туралы ережелерді әзірлеуге құқығы жоқ деп есептейтіндіктен келісімге қол қоймаған.

Т. Раушанұлы