Басқаларға оғаш көрінетін әртүрлі ұлттың әдет-ғұрпы

Басқаларға оғаш көрінетін әртүрлі ұлттың әдет-ғұрпы
Фото: mundo.sputniknews.com

Бізге өте оғаш болып көрінетін әлемдегі ұлттардың неше түрлі әдет-ғұрпы бар, біржағынан біздің әдет-ғұрпымыз да оларға жат болып көрінуі мүмкін. Бұл туралы түсінігімізді кеңейту үшін халықтардың өз елінде ұстанатын әдеттен тыс дәстүрлерін ұсынамыз. Сіз олардың кейбіреуі өз ұлтыңыздың салт-дәстүрі болмағанына қуанасыз, бірақ сонда да жақсы көресіз. Қандай болмасын, бұл мәдени нормалар бізді әлемнің басқа бөліктеріндегі өмір туралы және олардың бізге қандай қатысы бар екені туралы ойлануға мәжбүр етеді.

Даниядағы дәстүр

Данияда егер жігіт 25 жасқа дейін үйленбеген болса, оны таяққа байлап, үстіне даршын құяды. Егер жігіт 30 жаста болып, әлі үйленбеген болса, онда оған ащы бұрыш лақтырады. Бұл бір жағынан өте ыңғайсыз жағдай болса керек.

Норвегияда сәбилерді көшеге қалдыратын дәстүр бар

Норвегияда баланы қардың немесе жаңбырдың астында көшеде жалғыз қалдыру әдетті жағдай. Көптеген елдерде ұрлық деңгейі жоғары, бірақ олардың арасында Норвегия жоқ. Бұл елде нәрестені көшеге қалдырып кету әдеттегі жағдай саналады. Көшеде қыс па, күз бе маңызды емес, арбадағы балалар дүкендер, мейрамханалар мен кафелердің жанында тізіліп тұрады.

Словакияда балықты Рождество алдында ваннада сақтайды

Рождество қарсаңында словактар ​​лай суда өмір сүретін сазан балықтарын сатып алып "тазарту" үшін ваннаға салады.

БАӘ-де ер адамдар бір-бірімен мұрын түйістіріп амандасады

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген әр түрлі мәдениет өкілі бір-бірін әртүрлі қарсы алады. Францияда адамдар бір-бірін екі бетінен сүйеді, Америкада қол алысып амандасады, БАӘ-де ер адамдар бір-бірімен мұрын түйістіру арқылы амандасады.

Папуа-Жаңа Гвинея халқы оны энергия алу үшін шайнайды

Егер сіздің жолыңыз осы елге түсіп қалса, қызыл тісті адамдарды көрсеңіз, таң қалмаңыз. Жаңа Папуа-Гвинеяның әрбір азаматы – қарттардан бастап жастарға дейін, осы әлеуметтік тәжірибені қолданады, яғни энергия алу үшін жаңғақ шайнады.

Австрияда мейрамханада есеп-шот төлемеуге болады

Көптеген елде мейрамханадағы тамақ ақысына шайпұл автоматты түрде қосылады. Мысалы, Чехияда, Францияда, Венгрияда, Испанияда осылай жасалады. Орташа алғанда, бұл жалпы шоттың 10-15% құрайды. Алайда, Еуропаның кей елдерінде бұл ереже жоқ. Мысалы, Австрияда даяшы өз жұмысын жақсы орындаған жағдайда ғана шайпұл алады. Мейрамхана қонағы есеп-шотты үш рет сұраса, бірақ ала алмаса, жеген тамағының ақысын төлемей мекемеден кете алады.

Қытайлықтар сыйлықты алғанға дейін одан үш рет бас тартады

Бұл дәстүр сыйлықты алғысы келмегендіктен емес, керісінше, қарапайымдылық пен әдептіліктің белгісі саналады. Қытайда пышақ тәрізді өткір заттарды (олар қарым-қатынастың үзілуін білдіреді), сағатты (сағат өмірдің соңын білдіреді) және орамал (қайғылы жағдай жылау және жерлеу дегенді білдіреді) сыйлауға болмайды.

Тайландта басқа біреудің басына қол тигізуге болмайды

Тайлар әрдайым позитивті көңіл-күйде жүреді. Рас, жергілікті тұрғындардың көңіл-күйін бірден бұзатын, тіпті ренжітетін кейбір  қимылдар бар. Мысалы, Тайландта өзгенің басына қол тигізуге тыйым салынған. Бұл біреудің шаш үлгісін бұзудан қорыққаннан емес. Себебі, тайлықтар адамның жаны оның басында тұрады деп сенеді.

Т. Раушанұлы