Жер бетінде адамдар тұратын қауіпті мекендер

Жер бетінде адамдар тұратын қауіпті мекендер
Фото: forbes.com

Бұл ғаламшар – біздің ортақ үйіміз. Бірақ, оның кез келген аумағында өмір сүру қауіпсіз дегенді білдірмейді. Жер бетінде қауіпті болса да, адамдар өмір сүретін мекендер бар. Массагет порталы адамдар тұратын қауіпті жерлердің бірнешеуін назарыңызға ұсынады.

Кастельфольит-де-ла-Рока, Испания

Кастельфольит-де-ла-Рока  – Испаниядағы Жирона провинциясында орналасқан муниципалитет. Ол мыңдаған жыл бұрын қатқан лавадан пайда болған жартаста орналасқан.

Муниципалитет орналасқан базальт тасының ұзындығы шамамен 1 шақырым, биіктігі шамамен 50 метр. 2010 жылғы мәліметтер бойынша ауыл тұрғындарының саны 1048 адамды құраған.

Сюанькун-сы аспалы монастыры, Қытай

Бұл ғибадатхана кешені 491 жылы қасиетті Хеншан тауының жанындағы жартастың үстіне салынған. Ол будда, даос және конфуций құрбандығын біріктіреді. Тік көлбеу жартас бойында көптеген бөлме бар, олар ғимараттың артқы қабырғасы ретінде пайдаланылады. 1982 жылдан бастап кешен Қытай Халық Республикасының ұлттық ескерткіші ретінде қорғалады.

Лихтенштейн қамалы, Германия

1840-1842 жылдары салынған және бүгінгі күні Урах герцогтарына тиесілі бұл аңызға айналған қамал 817 метр биіктікте орналасқан. Мұнда туристер тарихи қару-жарақ пен көне жәдігерлер жиынтығын тамашалауға келеді.

Метеор монастырлары, Греция

Метеор монастырлары сол кезде қарақшылардың шабуылынан қауіпсіздіктің кепілі ретінде тік жартастарға салынған. Көп жылдар бойы мұнда 22-24 монастырь салынған. Қазір көпшілігі қираған, ал бүгінде тек алты – төрт еркек және екі әйел ғибадатханалары аман қалған.

Калапана, Гавайи

1986 жылы жанартау атқылауынан кейін лава бұл аймақты елес қалаға айналдырды. Қалаға кіретін жолдар жабық болғанымен, онда әлі де бірнеше отбасы тұрады. 2010 жылғы мәліметтер бойынша Калапанада 35 үй болған.

Ағаштардың басындағы үйлер, Индонезия

Таулы аймақтарда, кейде жерден 50 метр биіктікте ағаш үйлер салумен әйгілі Коровай тайпасы Индонезияның Папуа провинциясының оңтүстік-шығыс бөлігінде тұрады. Тайпа осылайша әйелдер мен балаларды құл етуге тырысатын жау тайпалардан шабуылынан және су тасқынынан өздерін қорғайды.

Солвай үйшігі, Швейцария

Бұл тау үйі теңіз деңгейінен 4003 метр биіктікте орналасқан. Үйде 10 кереует пен сымсыз телефон бар. Таулы туристер мұнда ауа райының нашарлауына байланысты тоқтай алады, бірнеше күнге созылатын азық-түлік қорлары да бар.

"Құлаған" ғимараттар қаласы, Сантос, Бразилия

Бразилияның Сантос қаласындағы жаңалауға кезінде биік ғимараттар салынған. Бірақ құрылысшылар ғимараттардың іргетасын қалау кезінде қате жіберген. Іргетас тереңге құйылмағандықтан үлкен ғимараттар қисайып, құлайын деп тұр. Оны теңізге шығып бір қарағанда байқауға болады. Енді бұл қателерді түзету қиын. Алайда, үйлердің қисайғанына қарамастан, жалға алушылар оларда әлі де тұрады.

Т. Раушанұлы