2021 жылы Google-де туристер ең көп іздеген 10 ел

Мамандар Google іздеу жүйесінің деректерін талдап, қай елдер туристер арасында ең танымал екенін анықтады.

ESTA America компаниясы туристердің қай елдер туралы көп ақпарат іздейтінін есептеп шығарды. Зерттеу бойынша туристер айына Грецияны 108 780 рет, Үндістанды  130 750 рет және Мальдив аралдарын айына 130 970 рет іздеген. Бұл елдер көш басындағы үздік үш ел құрамына енген.

Үндістанда COVID-19 вирусының жоғары деңгейіне қарамастан туристер арасында ең танымал елдің бірі болып қала берген. Ал, 2020 жылы Италия бірінші орында болса, бұл мемлекет 2021 жылы 13-орынға түскен. Мексика мен Тайландқа да сұраныс дәл солай төмендеген.

Туристер ең көп іздеген 10 ел:

1. Мальдив аралдары айына 130 970 рет;
2. Үндістан – 130 750 ;
3. Греция – 108 780;
4. Түркия – 105 560;
5. Канада – 96 470;
6. Мексика – 95 940;
7. Испания – 81 980;
8. Аустралия – 66 450;
9. Тайланд – 64 800;
10. Жапония – 61 460.

Азия  – туристер арасында ең көп сұранысқа ие құрлық. Алғашқы ондыққа – бес Азия елдері енген.

Тайланд, Мальдив және Үндістанда саяхатшыларға алтын жағажай, ыстық ауа райы және түрлі-түсті мәдениеті қызық.