Жерде бактериялар өмір сүрмейтін орын табылды

Жерде бактериялар өмір сүрмейтін орын табылды
Фото: depts.washington.edu

Жер – тіршілік бар ғылымға белгілі жалғыз планета. Өмір сүруге ең қолайсыз жерлерде бактерия топтарын табуға болады. Мысалы, вулкандарды  тауда және мұхит тереңдігінде де өмірге бейімделген бактерияларды кездестіру оңай.

Жақында зерттеуші Ноа Фиерер бастаған микробиологтар тобы Жерде бірнеше қиын экологиялық жағынан ешбір тіршіліктің өмір сүруі мүмкін емес орынды тапты.

Ғалымдар осы жерде алынған топырақ сынамаларын зерттеп, ең тұрақты бактериялардың өзі мұндай қатал жерде тіршілік ете алмайды деген қорытындыға келді.

Жер бетіндегі өлі аймақ – Антарктидада

Микробиологтар жүргізген зерттеу және оның нәтижесі Science News журналында жарияланды. Планетадағы өлі аймақты іздеу үшін ғалымдар Антарктидаға барған. Бұрыннан мәлім, Антарктидада бактерия Жердің басқа аймағымен салыстырғанда өте аз.

Ноа Файрер танымал микробиолог. Бұған дейін оның тобы үй шаңында микробтардың 9 мың түрі өмір сүретінін анықтаған

Антарктиданың ең өлі аймағы – Шеклтон мұздығы екенін Ноа тобы анықтады. Ұзындығы 96 шақырымнан асатын мұздық 1939-1941 жылдардағы Антарктида экспедициясы кезінде табылған. Оны Антарктиданы зерттеген ағылшын-ирланд зерттеушісі Эрнест Шаклтоннан ашты. Бұл мұздықта өмір сүру мүмкін емес 3 экологиялық фактор бар.  Шаклтон мұздығының ауа райы қолайсыз болғаны сонша, бір уақытта бұл орында суық, құрғақшылық және жоғары тұздылық тіркелген.

Зерттеуші Ник Драгоненің айтуынша, қоршаған ортаның бірнеше қолайсыз жағдайы бұл жерде бактериялардың өмір сүруін қиындатады.

Ғылыми жұмыс барысында зерттеушілер Шаклтон мұздығы бетінен 200-ге жуық сынама алған. Зерттей келе микробиологтар "Жер бетінде бактериялардың мұндай аз өмір сүретін орны әлі табылған жоқ" деген қорытындыға келді.

А. Оралқызы