Crew Dragon кемесі Жерге 4 ғарышкермен оралды

Crew Dragon кемесі Жерге 4 ғарышкермен оралды

2 мамырда АҚШ-тың Dragon-1 ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясынан шығып, 4 ғарышкерімен бірге Жерге бет алды. Кеме 6,5 сағаттық ұшып, түнде Мексика шығанағына қонды.

NASA астронавттары Майкл Хопкинс, Виктор Гловер, Шеннон Уолкер және жапон аэроғарыш зерттеулер астронавты Соичи Ногучи Жерге оралды.

Соңғы рет АҚШ ғарыш кемесі 1968 жылы 27 желтоқсанда түнде қонған еді. Сол кезде Айды айналып ұшқан "Аполлон-8" ғарыш кемесі Жерге оралған болатын.

Crew Dragon-1 экипажы ХҒС-да жарты жыл болды. SpaceX компаниясы НАСА-ға арнап жасаған жаңа көп функциялы ғарыш кемесі орбитаға алғашқы тұрақты ұшуын жүзеге асырды.

Роскосмос ғарышкерлері Олег Новицкий мен Петр Дубров, NASA астронавты Марк Ванде Хэй, станцияға 24 сәуірде Crew Dragon-2 кемесімен келген американдық астронавтар Меган Макартур мен Шейн Кимбро және еуропалық астронавт Томас Песке ХҒС-да қалып жұмыстарын жалғастыруда.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Марсель – Жан ана
Бүгін үш ойын өтеді