Жәрмеңкеден 35 долларға сатып алынған көне ыдыс 721 мың долларға бағаланды

XV ғасырдағы ежелгі қытай ыдысы Sotheby’s аукционында 721,8 мың долларға сатылды. Оны АҚШ-тың Коннектикуттағы жәрмеңке базарынан АҚШ азаматы 35 долларға сатып алған.

Бұл сома аукцион үйі күткеннен жоғары болды. Sotheby's кесенің бастапқы бағасын 300-500 мың долларға бағалаған. Кесені ​​сатқан және оны сатып алғандардың аты-жөндері айтылмады.

Көк-ақ түспен безендірілген кесе Мин династиясының Юнлэ императоры кезінде жасалған. Оның жәрмеңкеге қалай түскені жұмбақ күйінде қалып отыр.

Әлемде мұндай кесенің тек 6-уы ғана сақталған. Олар Тайбэйдегі Императорлық сарай музейінде, Лондондағы Британ музейінде және Виктория мен Альберт мұражайында сақталған.