АҚШ компаниясы ғарышта қонақ үй салады

АҚШ компаниясы ғарышта қонақ үй салады

Orbital Assembly Corporation компаниясы Voyager жобасы – жасанды гравитациясы бар алғашқы орбиталық қонақ үй туралы хабарлады.

Voyager станциясының тұжырымдамасын әйгілі NASA Apollo бағдарламасының негізін қалаушылардың бірі Вернер фон Браун ойлап тапқан.

Тұжырымдамаға сәйкес, 200 метрлік шеңберде жолаушылар үшін жасанды тартылыс күші пайда болады.

Станцияға 400 адамға дейін сыяды. Онда мейрамхана, бар, көрермен залы, кинотеатр, концерт залы, кітапхана, спортзал және СПА орналасады. Қонақтар 20х12 метрлік 24 модульде тұрады.

Компания Марс маңында диаметрі 61 метрлік сақина тәрізді станцияның прототипін құрады. Құрылымды STAR роботы құрастырады. Бастапқыда ол Калифорнияда сынақтан өтеді.

Тұжырымдамалық идеяға сәйкес, қонақ үй ғарыш туристеріне, ғалымдар мен ғарыш агенттіктеріне арналады.

Компания станция құрылысын 2025 жылы бастап, бірнеше жылдан кейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Т. Раушанұлы