Әлемдегі ең қорқынышты лабиринттер

Тарихшылар әлемдегі алғашқы лабиринттердің Ежелгі Мысырда пайда болғанын айтады. Бірінші Плиний Шедитке жақын орналасқан түсініксіз құрылысты сипаттаған, оны гректер "қолтырауын алаңы" деп атаған. Мұнда Себекаға (қолтырауын басқаратын Құдайға) табыну дәстүрге айналды, ал лабиринт таңғаларлық діни рәсімдер жасалатын орын ретінде дәріптелді.

Басқа елдерде лабиринттер ежелден бері шамамен сол мақсатта қолданылған. Бұл адам жолын жаңылыстыратын құрылымдар ешқашан ойын-сауық орны ретінде қолданылған емес. Лабиринттер уақыт өте діни рәсім өткізетін ғибадатханадан ойын-сауық алаңына айналды. Назарыңызға әлемдегі ең қорқынышты лабиринттер тізімін ұсынамыз.

Париж катакомбасы

Париж катакомбасы – Парижге жақын орналасқан ежелгі Рим карьерлері орналасқан жерде ұзындығы 1,5 шақырымға жуық жерасты туннельдер торабы ретінде қазылған. Бірақ халқы тығыз орналасқан Париж үшін XVIIІ ғасырдың аяғы оңай болған жоқ. Өлім-жітімнің көбеюі айналадағы барлық зираттың толып кетуіне себеп болды: үкімет мәйіттерді жер асты туннельдерге жерлеу туралы шұғыл шешім қабылдауға мәжбүр болды. Бір жарым жыл ішінде мұнда жерленген мәйіттердің саны алты миллионнан асты. Кейін туннельдер кеңейіп лабиринтке айналды. Қазір оның ауданы 11 мың шаршы метр. Бүгінде катакомбалар Карнавал мұражайының бөлігі және оның шағын аумағы туристерге ашық, бірақ ішке кіретін жолдар қатаң қорғалған.

Лондон метрополитені

Лондондағы алғашқы жерасты лабиринттері екі мың жыл бұрын қазылған. Олар қаламен бірге өсіп, дамыды. Бұл орындар ұзақ уақыт кедейлердің, ұрылардың, қанды қол қарақшылардың панасы болды. Лондондағы XVI ғасырдан қалған классикалық лабиринттің кейбір бөлмесін турист ретінде көруге болады. Егер сіз лабиринтпен тереңірек танысамын десеңіз, гид жалдап аралап көруге болады. Гидпен бірге сіз азаптау камераларын, өртенген бөлмелер және тіпті мумияланған денелерді көре аласыз.

Юта штатының лабиринті

Канонланд ұлттық паркінің ең алыс бұрышына туристер сирек барады. Мұнда келгендердің мақсаты бір – табиғи лабиринтте қорқынышын сынау. Бұл әлемдегі ең күрделі лабиринттердің бірі. Мұнда жыл бойы тас құлау, тіпті су басу қаупі бар. Жыл сайын мұнда ондаған адам жоғалып кетеді және оларды қайта табу мүмкін емес.

Пизани вилла лабиринті

Бұл әлемдегі ең күрделі лабиринттердің бірі. Келушілер мұнда адасып, бірнеше сағат жүре алады. Кейбір деректер, мұнда Наполеон Бонапарт та адасқанын жазады. Лабиринттің ортасынан туристер XVIII ғасырда салынған мұнараны тамашалай алады.

Соловецкий лабиринттері

Словецкий аралдарынан табылған 35 тас құрылым "солтүстік лабиринттер" тобына жатады. Мұндай нысандар Ирландия мен Шотландияда бар. Жергілікті тұрғындар бұл лабиринттерді айналып өтуге тырысады.