Стив Джобс туралы кітаптар

Стив Джобс туралы кітаптар
Фото: iguides.ru

Бүгін Apple компаниясының негізін қалаған, әлемдегі технология ұғымына өзгеріс енгізген атақты көшбасшы Стив Джобстың туған күні. Бүгін оның өмір жолы мен еңбек қағидалары туралы жазылған кітаптар тізімін назарыңызға ұсынамыз. 

іWoz | Стив Джобс және мен
Автор:
Джина Смитт, Стив Возняк

"іWoz" кітабы оқырманға компания тұтушысы біле бермейтін Apple әлемінің қыр-сырын ұсынады. Кітаптың жазылуына Apple компаниясының негізін қалағандардың бірі Стив Возняктың сұхбаттары, әңгімелері мен естеліктері себепші болған. Жасаған қателері, құлаған сәттері, жеңіс пен сәтсіздіктері, түсініспеушіліктер мен келіссөздер, балалық шақтан бастап Hewlett-Packard компаниясындағы алғашқы тәжірибесі, Стив Джобспен бірге атқарған жұмысы – мұның барлығын атақты инженер Стив Возняк баяндайды. 

The Steve Jobs Way | Стив Джобстың өмір жолы
Автор: Джей Эллиот, Уильям Саймон

Apple бренді компьютер, ноутбук, смартфондардың әлемін өзгерткен ірі индустрия ретінде қабылданып үлгерді. Бұл инновациялар артында мыңдаған дизайнер, инженерлер тұр. Бірақ бұлардың басын біріктіріп, бір арнаға салып отыратын адам керек. Ол – көшбасшы. Ол – Стив Джобс. “Стив Джобстың өмір жолы” кітабын Apple компаниясының бұрынғы вице-президент Джей Эллиот пен атақты жазушы Уильям Саймон жазады.

iCon Steve Jobs | iКон
Автор: Джеффри Янг, Уильям Саймон

Басында "iКон" кітабында ешбір жерде жарияланбаған деректер бойынша, Стив Джобстың биографиясы жазылуы тиіс еді. Дегенмен, оқу барысында бұл кітаптың бизнес нұсқаулық екенін ұға бастайсыз. iКона – бұл Apple негізін қалаған көшбасшының өмірі мен АҚШ аймағындағы бизнес құрылымының түсіндірмесі. 

I, Steve: Steve Jobs In His Own Words | Стив Джобс: Өз аузынан 
Автор:
Джордж Бим

Apple басшысының ойында не бар? Сахнаға шыққанда не туралы ойлайды, оның өмірлік мақсаты қандай? "Стив Джобс: Өз аузынан" кітабында сұхбаттары мен өнімді ұсынған кезде айтқан бірнеше естелігі жинақталған. Джордж Сим кітапты барыншы автордың өзі баяндағандай етуге тырысқан. Кітапта 200-ден астам нақыл сөзі мен әлемнің топ-менеджерінің ойы бар.

Steve Jobs | Стив Джобс  
Автор: Уолтер Айзексон

Бірнеше апта ішінде бестселлер атанып үлгерген кітаптың жазылуына себепші болған Стив Джобстың өзі. Ауыр дертке шалдыққан Стив Джобс өзінің өмірін біраз жыл бойына жұрт көзінен жасырын ұстауға тырысты. Бірақ өмірінің аяғы таяу қалғанын сезсе керек, Стив Джобс ішкі сезімін, эмоцияларын, өкініші мен уаймын бөліседі. Әрбір парақ Стив не оны жақсы білген адамдардың сөзінен басталады. Автор Стивтің биографиясын аша түсу үшін мінезі мен болмысын, сезімі мен ойын түсінуді алдына міндет етіп қояды. 

The Innovation Secrets of Steve Jobs: Insanely Different Principles for Breakthrough Success | Джобс ережесі: Apple көшбасшысының жетістік қағидалары
Автор: Кармин Галло

Кез келген жетістікке жеткен адам мен компанияның артында өзгеріссіз қағидалар мен ережелер тұрады. Онсыз жетістікке жетпес еді. Кармин Галлонің кітабы оқырманға компьютерлер әлемінде революция жасаған Джобстың негізгі жеті қағидасын айтады. Бұл кітап мотивация іздеу үстінде жүрген кәсіпкерлер, менеджерлер үшін таптырмас нұсқаулық болары сөзсіз. 

Options: The Secret Life of Steve Jobs | Apple-дан тыс немесе Джобстың құпия өмірі
Автор: Дэниэл Лайонс

Алдымен әлем Apple компаниясының жаңа көрсетілімін асыға күтеді. Стив Джобстың бірнеше сағаттық сөз сөйлеуінен кейін, компания тұтынушылары өнімді жаппай сатып алады. Компанияның қанатты қағаидасы "One more thing" тіркесінен кейін, аудиторияға жаңа өнімді таныстырады. Кейін перде жабылғаннан кейін Стив өзінің халықтың тек бір қатарына ғана әлемге оралады. Кітап біраз уақыт талқыға түсіп, шын-өтірігі анықталмаған атақты туынды.  

The Business Wisdom of Steve Jobs | Бизнес туралы Стив Джобс айтады
Автор:
Алан Томас

"Бизнес туралы Стив Джобс айтады" кітабынан сіз көшбасшы ылғи айтатын 250 тіркесті табасыз. Бұл сөздер арқылы автордың қаншалықты өз туындысын бағалайтынын және оған төккен еңбекті құрметтейтінін ұға аласыз. Бұны тек нақыл сөз деп қабылдамай, шабыт сыйлайтын, мән мен мағынаға толы тіркес ретінде танисыз. 

Presentation Secrets of Steve Jobs | iПрезентация: Стив  Джобстың сенім сабақтары
Автор: Кармин Галло

Өтімді презентацияның құпиясы неде? Басты құпиясы оны таныстыратын адамның шешендігі. Стив Джобс жақсы сөйлей алатын әрі кез келген адамды тыңдата білетін адам болған. Егер болашақта компания құру ойыңызда болса, онда сізді түрлі әңгімелесу мен инвесторларды тарту, өнімді өткізу міндеті тұрғанын ұмытпау керек. Аталған кітапта Стив Джобстың кәсіпкер ретінде біліктілігі сөз етіліп, оның презентация жасау сабақтары баяндалады.

Becoming Steve Jobs / Стив Джобстың қалыптасуы
Автор:
Брент Шлендер, Рик Тетцели

Кітапты жазу үшін 100-ден астам адам тер төккен. Оның арасында достары, таныстары, әріптестері, бәсекелестері мен туыстары бар.  Брент Шлендер Джобспен жеке әңгіме кезінде айтылған әңгімелерді де қолданған.

Т. Есқали