Үйде жалғыз қалғанда

Үйде жалғыз қалғанда
Фото: 2queens.ru/

Бүгін біз сзідерге «Үйде жалғыз қалғанда» фильмі туралы тың деректерді айтпақпыз. Бірнеше жыл өтсе де көрерменін жалықтырмаған фильмнің сәтті шығатынына актерлер де, режиссер де сенбеген болатын. Дегенмен, аз уақыттың ішінде көрерменнің жүрегін жаулап үлгерген еді.

Image result for home alone gif

1. Дэниел Стерн атты актердің бетіне түскен өрмекші шынайы тарантул болатын. Актер бұл уақытта қатты дауыс шығарып, қорқынышты бейнелеуі тиіс еді. Дегенмен, режиссер актерге қатты дауыс шығаруға тыйым салған. Өйткені, тарантулды қорқытып алудан сескенген. Сондықтан, актер қорқынышты дауыссыз бейнелейді. Дыбыс кейін бөлек жазылады.  

ыяч

2. Джо Пеши – екінші ұрының рөлін сомдаған актер. Ол әр уақытта боқтық сөздерді қолдану арқылы ашуын шығаратын болған. Сондай жағдайлардың бірінде режиссер «F*ck» сөзін «fridge» (тоңазытқыш) сөзімен алмастыруды ұсынған.

яч

3. Кевиннің ағасы Базздың сүйікті қызы бейнеленген сурет естеріңізде шығар. Бірақ, бұл суреттегі қыз емес, қыз секілді киінген ер бала. Өйткені, Крис Коламбус мұндай әдіс арқылы жасқөспірім қызды мазақ қылу қатігездік деп санаған.

фыв

4. Кевиннің қарақшылармен күресу картасын салған – Маколей Калкин. Яғни, актердің өзі.  

Image result for home alone gif

5. Кевин видеомагнитофон арқылы қараған фильм арнайы «Үйде жалғыз қалғанда» фильмі үшін түсірілген болатын. Бұл фильм де емес, небәрі кішкентай бөлік.

6. Картина шынайы көріну үшін актер Джо Пеши Маколей Калкинді шынымен қорқытқан. Тіпті, дайындық кезінде оның саусағын тістеп алған. Ал, оның ізі әлі күнге дейін бар екен.  

ф

7. Фильмде ұрылар зардап шегеді. Бірақ, кейбір сәттер жасанды заттар арқылы жасалған. Мысалы, шырша ойыншықтары жай ғана мұзкәмпиттер.

8. Барлық түсірілім Чикагода өткен. Ал, фильмдегі «Париж әуежайы» – кәдімгі Чикагода орналасқан халықаралық О’Хара әуежайы.

яч

9. «Токбой» (Talkboy) диктофоны бұл уақытта әлі шықпаған болатын. Яғни, ойдан құрастырылған дүние. Бірақ, көрермендердің сұранысы бойынша, бұл модель қолданысқа енді.  

Т. Есқали