Мерекелік сыйлық: сүйіктіме

Мерекелік сыйлық: сүйіктіме
Фото: GetBg.net

Жаңа жылдың келуіне де санаулы күндер қалды. Негізінен көп адам бұл мерекеде сыйлық алу аса маңызды деп есептемейді. Ал сіз жігітіңізге не сыйласам болады деп бас қатырып жүрсеңіз, мына нұсқаларды қарастырып көріңіз.

Ер адамдар көбінесе шопингке уақыт құртуды ұнатпайды. Сондықтан жаңа жыл қарсаңында оның гардеробын жаңартуға сіз көмектесіңіз. Жылы свитер, жейде, галстук, ағаштан жасалған көбелек (бабочка), ашық түсті футболка. Өзі қолданатын сөмке, әмиян, белдік сыйлауға да болады.

Барлығынан өз қолыңызбен жасаған сыйлықтар бағалы әрі қадірлі болады. Бәліш не тәтті пісіру секілді сыйлықтарды жай күндері де жасап жүрмін десеңіз, мерекеде өз қолыңызбен киім тоқып беріңіз. Алақаныңыздың жылуы сіңген сыйлық еңбекпен жасалғаны үшін әрі өнеріңізді көріп, жігітіңіз таңғалады. Свитер, жеңсіз, шұлық тоқысаңыз болады, қолымнан келмейді десеңіз, мойынорағыш тоқыңыз. Ол оп-оңай, шын талпынсаңыз бір күн ішінде аяқтауға болады. Уақытыңыз болса, екеуіңізге бірдей етіп екеуін жасаңыз.

Тоқыма нұсқасы ұнамайтын болса, бірдей киімге тапсырыс беріңіз. Ол үшін жігітіңіздің өлшемі мен талғамын білсеңіз болғаны. Қазіргі кезде жұпқа арналған бұйым көп. Құлақаспап, жамылғы, стақан, тарифтік нөмір деген секілді сыйлықтарды ойланып көріңіз.

Бірге түскен суреттеріңіз көп болса, соған байланысты сыйлық ойластырыңыз. Альбом жасап, ішіне әдемі сөздер жазуға болады. Портреттеріңізді салғызыңыз. Фотомозайка, фотошырағдан (светильник), модульдік картина жасатыңыз. Жастық, стақан, киім, торт деген секілді кез келген нәрсеге суреттеріңізді бастырыңыз. Сақина, алқа, қалам, телефон қабы секілді нәрселерге гравюра тәсілімен есімдеріңізді жазғызсаңыз болады.

Әтір сыйлағыңыз келсе, сақ болыңыз. Оны тосынсый ретінде емес, бірге жүріп таңдаған дұрысырақ болады.

Фитнес клубтарына, бассейнге абонемент алып берсеңіз де, жақсы сыйлық болады. Тек ол мұны сізге өзінің сырт пішіні ұнамайды деп түсініп қалмаса болғаны. Оның ойымен де санасыңыз.

Өзіңіз қандай сыйлық алғыңыз келетінін оған тұспалдап жеткізу үшін «Аят атаға хат» жазып, қолына берсеңіз, оған да сыйлық таңдауға оңай болады. Хатты мынадай үлгіде жазсаңыз да, ол аса қуанып қалары анық.

@. @assel_assanova