Жаңа жыл келгенше...

Жаңа жыл келгенше...
Фото: 7я.ру

22 желтоқсан – қысқы Күннің тоқырауы, яғни күндізгі уақыттың жылдық қысқаруы аяқталады, бұл – жылдың ең қысқа күні. Мамандар зерттеуі бойынша жыл аяқталғанға дейінгі осы күндердің ерекше құдіреті бар көрінеді. Себебі осы күндері айтылған сөздер сиқырлы күшке ие болады екен. Сеніп-сенбей не керек, байқап көріңіз.

Жыл аяқталғанға дейінгі он шақты күннің қайсысы екені белгісіз, біреуі алдағы бүкіл жылдың қалай өтуіне байланысты болуы мүмкін, уақыт нығыздалып, бір жыл бір күнге шоғырланғандай болады, біз оны өзіміз бағдарламалауымыз керек.

Дауыстап айтқан әр сөзіміз келесі жылдағы өмірімізді өрнектегендей болады. Жылды қалай қарсы алсаң, бүкіл жыл солай өтеді деген сөз бекер айтылмаған. Ал біздің қазіргі күнтізбеміз бойынша 1 қаңтар жаңа жылдың басы саналғанымен, жаңа жыл нақ қай күні кіретіні анық емес.

Бұл күндері аузыңыздан шыққан әр сөзге абай болыңыз. Өзіңіз, өміріңіз туралы, жетістіктеріңіз, әсіресе болашақ жоспарларыңыз туралы сөйлегенде де сақ болыңыз. Адамдар сізді өзіңіздің және өзгелердің көзінше мүсіркеп қарайтындай сөздер айтпаңыз. Аузыңыздан «Бұл маған емес», «Қолымнан келмейді», «Игере алмаймын», «Мүмкін емес» деген сөздер шықпасын. Келесі жылы барлығын ойдағыдай істеп келе жатқанда, белгісіз себептер тосқаулы болмауы үшін мұқият болыңыз.

Ешкімге зияныңыз тимеуі үшін, өзге адамдар туралы да жағымсыз пікірлеріңізді жиып қойыңыз, тісіңізден шықпасын. Ал жақындарыңыз өміріне өкпе айтып отырса, оны сабырға шақырып, шуақты күндер әлі алда екеніне сендіріңіз, оны да тек жақсы нәрселер ойлауға шақырыңыз. Ішкі әлемі ерекше күйге бөленетіндей сөз тауып айтуға тырысыңыз. Бұл өз жаныңызға да жайлылық сыйлайды.

Келер жылға аса ауқымды жоспарлар құрып, оны дауыстап айтыңыз. Жақындарыңызға, достарыңызға, балаларға, туыстарыңызға, сүйіктіңізге барлық жоспарыңызды, мақсатыңызды баяндаңыз. Қазақта періштелер әмин дейді деген сөз бекер айтылмайды. Армандарыңызды неғұрлым көп адам естісе, ол бүкіл әлемге естілуіне, қабыл болуына соғұрылм тиімді әсер етеді.

Жағымсыз сөздерді мүлде айтпаңыз, тіпті іштей де ойламаңыз. «Ал егер болмай қалса ше», «Кенет бәрі басқаша болып кетсе», «Қолымнан келмей қалса қайтем»... Мұндай сөздер бар екенін де естен шығарыңыз. Алдағы он шақты күнді қалай жоспарласаңыз, қалай өткізсеңіз – бұл сіздің он екі айда болатын жағдайлар тек жақсылыққа құрылуына, бақыт пен шатыққа толы болуына әсер етуі мүмкін. Ғажайыпқа сеніңіз, ол орындалады!

@. @assel_assanova