Жаңа жылды әлем неше күн тойлайды?

Желтоқсанның отыз бірінші жұлдызын асыға күтетініміз рас. Себеп – Жаңа жыл. Біздің мерекеміз наурыз айында келгенімен, әлем болып осы күнді атап өтуге үйрендік. Бұл қарапайым ғана нәрсе. Сондықтан жаңа жылды ел қатарлы, әлем халықтары қатарлы тойлауға құқымыз бар. Дегенмен кей елдерде дәл осы күні емес одан кейін не оған дейін тойлайды.

АҚШ
Жаңа жыл мерекесін 2 күн тойлайды.
25 желтоқсан – Рождество
1 қаңтар – Жаңа жыл

Испания
Жаңа жыл мерекесін 3-4 күн тойлайды.
25 желтоқсан – Рождество
26 желтоқсан – Сыйлық беру күні
1 қаңтар – Жаңа жыл
6 қаңтар – Үш патшалық мерекесі

Иран
Жаңа жыл мерекесін 4 күн тойлайды.
21-24 наурыз – Наурыз мейрамы

Германия
Жаңа жыл мерекесін 3-4 күн тойлайды.
24-25 – Рождество
1 қаңтар – Жаңа жыл
6 қаңтар – Құдайдың пайда болу күні

Израиль
Жаңа жыл мерекесін 2 күн тойлайды.
Қыркүйек және қазан айларында. Бұл Рош Ха-Шана иудейлік жаңа жыл. 

Үндістан
Жаңа жыл мерекесін ең аз дегенде 2 күн тойлайды.
24-25 желтоқсан – Рождество
13-14 қаңтар – Лори (пенджабтық жаңа жыл)
Наурыз-сәуір айлары – ай күнтізбесіндегі жаңа жыл
Қазан – Дивали (от шашу мерекесі)

Жапония
Жаңа жыл мерекесін 4-5 күн тойлайды.
30 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығы – жаңа жылдық демалыс уақыты.

Италия
Жаңа жыл мерекесін 4 күн тойлайды.
25 желтоқсан – Рождество
26 желтоқсан – Стефан күні
1 қаңтар – Жаңа жыл
6 қаңтар – Эпифания күні

Солтүстік Корея
Жаңа жыл мерекесін 3 күн тойлайды.
24 желтоқсан – Ким Чен Ираның анасы туған күн
27 желтоқсан – Конституция күні
1 желтоқсан – Жаңа жыл

Ұлыбритания
Жаңа жыл мерекесін 3-4 күн тойлайды.
25 желтоқсан – Рождество
26 желтоқсан – Сыйлық беру күні
1 желтоқсан – Жаңа жыл
1-2 қаңтар – Шотландия жаңа жылы

Қытай

Жаңа жылды ең ұзақ тойлайтын ел ретінде белгілі.
Қаңтар-ақпан айлары бұл елде жаңа жыл уақыты болып есептеледі.

Беларус
Жаңа жыл мерекесін 3 күн тойлайды.
25 желтоқсан – Католиктер рождествосы
1 желтоқсан – Жаңа жыл
7 қаңтар – Православтардың рождествосы

Ресей
Жаңа жыл мерекесін 9 күн тойлайды.
1-9 қаңтар – жаңа жылдық мереке мен демалыс уақыты.

Қазақстан
Жаңа жыл мерекесін 1 ай көлемінде тойлайды.
Наурыз айының 21 мен сәуір айының басына дейін. Бұл жердің құнарланып, көк шыққанға дейінгі уақытқа байланысты.

Сіз жаңа жылды қанша күн және қалай тойлайтын едіңіз?