Жаңа жылда үйді безендіру

Жаңа жылда үйді безендіру
Фото: vPrazdniki.com

Отбасының берекелі мерекесіне айналып кеткен Жаңа жыл жақындап қалды. Бүкіл әлем болып тойлауға ат салысатын осынау мерекенің ерекшелігі жанұялық мереке ретінде тойлануында. Алыс-жақындағылардың бәрі бір шаңырақ астына жиналып, ғашықтар өзара тойлайтын мереке. Дегенмен қонақ үзілмейтін болғаннан кейін үйіңізді өзің үшін де жаңа жылдық үлгіде безендіріп қойған да жақсы. Бұл тіпті балалардың да көңілін көтереді. 

Қылқанды декор 

Декор – сәулет өнеріндегі үйлесімділік
Жаңа жылдық кештің ең маңызды белгісі – шырша. Оның өзі ғана тұрса үйдің сәнін келтірмеуі мүмкін. Оған үйлесімділік, яғни декор жасау арқылы қылқанды ағашыңызды безендіруге болады. Түрлі түсті шарлар ілу арқылы, жіптер мен ленталарды тізбектеп тағу арқылы да безендіруге болады. Жыл сайын бір дүниеден жалықсаңыз, өзгеріс енгізу өз қолыңызда. 

Жаңа жылдық ойыншықтар 

Қазір дүкендерден қызылды-жасыл жаңажылдық түрлі ойыншық алуға болады. Алуан түсті шарлар, аяз ата бейнесіндегі ілмелі ойыншықтар, қылқандар, жасанды жеміс-жидек те сіздің үйдің ажарын кіргізеді. Олардың әр жерде орналасуы да өз алдына ерекше. Өйткені көз тартарлық дүниелер шашыраңқы жатуы, сол күні болатын мерекенің сәнін кіргізеді. 

Жаңа жылдық жастықтар 

Ескеретін бір нәрсе жаңа жылда үйді безендіру тек шырша мен ойыншықтарға ғана байланысты емес. Үйге кірген кезде көздің жауын алып тұратын жастықтардың да тысы жаңа жылдық үлгіде тігіліп тұрғаны, безендірілгені абзал. Бұл сіздің ғана емес, қонақтардың да көңілін көтереді. 
Жылдың символы 

Жаңадан келіп жеткен жылдың символына айналған жануардың суретін немесе суретіне ұқсас бұйымдармен де үйді безендіріп қою керек. Бұл ең бірінші мерекелік көңіл-күй болса, екіншіден сол жылға деген құрметтің белгісі. 

Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын!

М. Ақан