Жаңа жыл - отбасылық мереке

Жаңа жыл - отбасылық мереке
Фото: Бауыржан Жақсымбет

«Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, Жаңа жыл мерекесі де өзіндік бір дайындықты қажетсінеді. Жақындарымызға сыйлық таңдау, мәзір мәселесін реттеу, тілек айтуға дайындалу – мұның барлығы қуаныш сыйлайды. Кейде уақыттың тапшылығынан жүйке тозып кетуі де мүмкін. Әдетте бұл мереке жыл сайын бір сценарий бойынша өтеді: алдын ала сыйлық сатып алу, үйді безендіру, түрлі тағам әзірлеу, мол дастархан жаю, қонақ күту, отбасымен бірге дастархан басында отырып Елбасымыздың құттықтау сөзін күту, тілек тілеу.

Бұл мерекеге әр адамның әртүрлі көзқараспен қарайтынын жақсы білеміз. Кім қандай ойда болса да, қуанышқа толы күнде отбасымызбен ошақ қасына жиылып, дәмді ас әзірлеп, бір-бірімізге шын көңілден тілек айтатын дәстүр бар. Бұл мерекеге Абдрамановтар отбасы қызу дайындалған екен. Әрбір отбасындағы дайындық дәл осылай өтеді деген ойдамыз. 

Әр шаңырақтағы мереке әйел қауымы үшін үй жинап, түрлі тағам әзірлеуден басталады

От анасы отбасы мен кешке келетін қонақтарына арнап түрлі тағам әзірлеуде

Үй ішіндегі суреттерге қарап-ақ отбасының татулығын көруге болады

Үлкен қызы анасына қолғабыс етіп жатыр

Кіші қызы да өз жұмысын тауып үлгерген сыңайлы

Үйдің азаматы Ақан ауланың қарын күреп келіп, қарындасымен бірге үй безендіруге кірісіп жатыр

Жаңажылдық шырша дайын

Үйді безендіріп болған Сымбат кішкене сіңлісі Сараға арнап ашық хат жасап отыр

Ашық хаты да дайын болып қалған екен

Ақын мен Сымбат жұмыстан келе жатқан әкесінің жолын қарайлап тұр

Әкесі балаларына арнап тосын сый да әзірлепті

Бұл шананы Сымбат көптен бері күтіп жүрген еді

Дайындық барасында ер азаматтардың да көмегі мол

Әкесі үйдің кенжесін еркелетіп, сағынышын басып жатыр

Кеш батып, жаңажылдық дастархан жасайтын да уақыт келді

Сіңлісі әпкесіне қолғабыс етіп жүр

Дастархан әзірлеп болған соң Сымбат отбасына арнап дайындаған тосын сыйын тарту етті

Естеріңізде болса, өнерлі қызымыз осыған дейін де порталымызда бой көрсеткен еді

Отбасы үшін бұл күтпеген тосын сый болды

Анасы мерекеге дайындықты аяқтады

Шетелде білім алып жүрген қызын сағынып қалған екен

Сағат он екі болды

Ет те пісті

Оны қазаннан түсіретін уақыт та келді

Отағасы бата жасап жатыр

Тату да тәтті Абдрамановтар отбасы дастархан басына жиылды

Әрбір үйдегі мереке дәл осындай болсын. Шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға береке тілейміз. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Қ. Бүйенбай