Жаңа жылдан жақсылық күтейік!

Жаңа жылдан жақсылық күтейік!

Оқырман қауым! Көптен күткен Жаңа жыл мерекесі де келіп жетті. Жаңа жыл - көңіл-күйдің мейрамы. Жыл тәмамдалып, санаулы сағаттан соң, 2015 жыл табалдырықтан аттайды. 

Жаңа жылда жаныңа жақын жандармен бірге дастарқан басында отырып, жүректен шыққан ақжарма тілекке құлақ асқанға не жетсін?! Жаңа жоспар, жаңарған мақсат... Бұл күн аппақ арман мен үкілі үмітке толы! 

Бұл күн - өз-өзіңмен бетпе-бет қалып, есеп беретін күнің. Ал Жаңа жыл түні... Жаңа жыл түні сондай таңғажайып әркім өзі ғана білетін құпия тілектен тұрады. Еңкейген кәріден еңбектеген сәбиге дейін сол күні әлдебір сиқырлы күй кешіп, ғажайыптың болатынын селкеусіз сеніммен күтеді. 

Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жылда жүректер жабырқамасын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Massaget.kz ұжымы барша сүйікті оқырманды айтулы мерекемен құттықтай отырып, мына видеоны ұсынады. 

Бұл видеода ҚР қорғаныс Министрлігінің әскери оркестрі астаналықтар үшін тосынсый дайындайды. Көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!

Сурет: advancets.org

М. Оңғарова