Жаңа жыл – 2015. Жұлдызжорамал: Арыстан

Жаңа жыл – 2015. Жұлдызжорамал: Арыстан

Қой жылы арыстан белгісімен туған жандар үшін табысты әрі сәтті болғалы тұр. Жыл бойы қызу еңбек етіп, кейін керемет жерге демалысқа аттануыңыз мүмкін. Алайда сізге бұл жылы төрт қабырғадан шықпай, күні-түні жұмыс жасаудың қажеті жоқ. Іссапарлар мен кездесулерге жиі жол түседі.

Денсаулық

Жұлдыздардың жорамалы бойынша, осы жылы жүйке жүйеңіз сыр беріп, денсаулығыңызға әсер етуі мүмкін. Барлық сырқаттың бастамасы – депрессия екені ұмытпаңыз. Сондықтан өміріңіздегі барлық жайтта сабырлық танытқаныңыз дұрыс. Қыс-көктем айларында жылы киініп, денсаулығыңызға мұқият қарағаныңыз жөн. Сәуір, мамыр, қыркүйек айлары шипажайға барып, емделуге қолайлы уақыт. 

Қаржы мен мансап

Соңғы үш айда яғни, күзде сізді толағай табыстар күтіп тұр. Әр жыл сайын күзде байқалатын салғырттықтан құтыласыз. Жаңа идея сізге жаңа мүмкіндіктер туғызады. Күш-жігеріңізді жаңа жобаға немесе нәтижелі іске жұмсауға дайын болыңыз. Бұл жылы сіз «қаржы қат» адамдардың тізіміне енбейсіз! Бірақ туған-туыстарыңыз бен достарыңыздан аянып қалмауға тырысыңыз!

Махаббат

Жеке өміріңізге қатыстының барлығы 2015 жылы реттеледі. Әрине, әркімнің басында әртүрлі жағдай бар. Егер жаныңыздағы адамға мүлде көңіліңіз толмай, төзім таусылса, жалғастырудың қажеті жоқ. Мүмкін нағыз махаббатты әлі кездестірмеген боларсыз. Ал шын сүйетін адамды тапсаңыз, қарым-қатынасыңыз адал әрі шынайы сезімге ұласады. Жұбыңызға қамқор бола біліңіз. Сіздің ақыл-кеңесіңіз сүйіктіңізге аса қажет болуы мүмкін. Жаңа жылда жаңа таныстар өте көп болады. Бірақ сақ болыңыз! Арыстанды қой жылы алдау оңайға соғуы мүмкін.

Кеңес

Биыл іс-қағаздар мен құжаттарға ұқыпты болыңыз. Және қаражатты да ақылмен жұмсағаныңыз жөн. 

Сонымен, қой жылында: сіз жақсы адамдармен жолығасыз; биік мансапқа жету үшін жасалған қадамдар сәтті болады; жетістік пен табыс мол болады; жұбыңызбен қарым-қатынаста еш қиындық тумайды.

Сурет: bloghoroscopos.com

Н. Айдархан