Жаңа жыл – 2015. Жұлдызжорамал: Тауешкі

Жаңа жыл – 2015. Жұлдызжорамал: Тауешкі

2015 жыл тауешкіден көшбасшылық, ұйымдастыру қабілетін пайдалануды талап етеді. Адамдарды біріктіру - сіздің басты мақсатыңыз болмақ. Жұмыста іс-шаралар ұйымдастырып, үйде ренжіскен туыстарыңызды татуластырасыз. Ақпан - келіссөз жүргізу үшін таптырмас уақыт. Наурыз, сәуір айларын демалысқа жұмсап, өз-өзіңізге көңіл бөлгеніңіз жөн. Шілде немесе тамыз айларында көптен күткен саяхатты жоспарлауыңызға болады. Жұмыстағы табысты кезеңді қазан айының еншісіне қалдырыңыз. Қымбат зат сатып алу мен маңызды шешім қабылдау уақыты - қараша мен желтоқсан. 

Мансап

2015 жыл тауешкі әйел адамдар үшін табысты жыл болғалы тұр. Десе де өмірден аса үлкен нәрсе талап етпеңіз. Айналаңызға бағдарлап қараңыз, сізді ұнатып жүрген жігіт қаншама, жұмысыңыз тұрақты, бүгінмен өмір сүріп, қиялыңызбен аспанда қалықтаудан өз-өзіңізді тежеңіз. 

Ал жігіт тауешкілер үшін 2015 жыл жетістіктері жұмыспен байланысты болады. Қызметте өсесіз. Ал шеніңіз өспесе, қаржыңыздың молаятынына сенімді болыңыз. Жазға дейін несие алмауға тырысыңыз. Бойдақ тауешкілер осы жылы жүрегінің жартысын жолықтырады. 

Қаржы

Тауешкілер үшін бұл жыл басшылық тарапынан жылы көзқарасқа ие болу жылы. Тек барлық дарыныңызды көрсетіңіз. Жұмыс іздеп жүрген тауешкілер айлығы жақсы, тұрақты жұмысқа тұрады. Еселі еңбегіңіз жаз айының басында еленбек. 

Махаббат

Жыл бойы тауешкі жігіттер өзінің нағыз ерге тән қабілеттерімен көзге түссе, тауешкі әйелдер нәзік жанды леди ретінде танылмақ. Бұл өзгерісті қоршаған ортаңыз да байқап, сізді таныс ретінде емес, жігіт не қызға қарағандай қабылдайтын болады. Тауешкімен адамдар сөйлескісі келіп, үнемі назарында ұстайды. Бұл сізге сенімділік пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Өз махаббатын жолықтырған тауешкі қарым-қатынаста тұрақты болмақ. Сезіміңіз суып бара жатқандай ойда болуыңыз мүмкін, бірақ, бұл - қате пікір. Оны түзеу өз қолыңызда, бірге киноға бару мен романтикалық кездесулер бәрін өз орнына қоймақ. 

Отбасылы тауешкілер үшін 2015 жыл өзгеріске толы болмақ. Өзгерістің салдары өкінішке әкеп соқпас үшін тауешкінің ұрыс кезінде үндемей қалуы қажет. Отбасы үшін алғашқы жартыжылдық қауіптірек. Бұл сынақтан сүрінбей өткен отбасының қарым-қатынасы одан сайын нығыздала түспек. Тауешкі жанұясындағы ұрыс-керіс көбіне ұсақ-түйектен басталады. Сондықтан конфликтке түспей, оның алдын алуды ескерте кетейік. Жартыңызға жиі қоңырау шалып, оған көңіл бөліп тұрыңыз. Оның алдында үнемі есеп беру жүйкеңізге тисе де, уақытша шыдасаңыз, бәрі қалпына келеді. 

Денсаулық

2015 жылы тауешкілердің денсаулығы сыр бермейді. Сондықтан денсаулығыңыз үшіналаң болмаңыз. Үйде отырып емдей беруге болатын жеңіл аурулар бәрінің басында болатыны анық. Көктемде дәруменді жиі қабылдап, күшіңізді бақылауда ұстаңыз. Таза ауа, қанық ұйқы, жеміс-жидек пен массаж денсаулығыңыз үшін жақсы көмекші болмақ. Көз саулығына баса назар салыңыз. Көзге арналған жаттығулар жасап, монитор мен теледидардан демалып тұрыңыз. Тауешкіге лайық спорт түрі - йога. 

Жұлдызжорамалға сенсек, 2015 жыл тауешкіні тағына шығарып, төбесіне көтермек. Өз мүмкіндігіңізге сеніңіз! Сәттілік! 

Сурет: open.az

М. Оңғарова