Жаңа жылға байланысты тарихи оқиғалар

Жаңа жылға байланысты тарихи оқиғалар

Келе жатқан жаңа 2015 жылға байланысты циклді ақпараттар дайындау барысында, тура Жаңа жыл күніне қатысты болған тарихи оқиғалардың тізбегін жасадық. Ендеше төмендегі қызықты тарихи деректерге көз жүгіртіңіз.

1515 жыл – Франциск І Франция королі Людовик ХІІ қайтыс болғаннан кейін таққа отырады.

1751 жыл – Тіл білімі тарихындағы алғашқы түсіндірме сөздігі басылып шығады. Француздың энциклопедист ғалымдары Дени Дидро мен Жан Лерон Д'аламбер сөздікті дайындап, баспаға береді.

1785 жыл – Ағылшындардың апталық The Daily Universal Register газетінің (1788 жылы The Times болып өзгертілген) алғашқы басылымы шықты.

1788 жыл – Ағылшындардың әйгілі Таймс газеті шыға бастайды.

1801 жыл – Палермо Пиацци астрономдары ең үлкен Церера астероидын ашады.

1804 жыл – Гаити Франциядан өз тәуелсіздігін алады.

1842 жыл – Белгілі итальяндық суретші Джованни Болдини дүние есігін ашты.

1887 жыл – Артур Конан Дойлдың Шерлок Холмс туралы сериялық басылымдарының алғашқы кітабы басылады.

1919 жыл – Беларусь КСР-ы құрылады.

1922 жыл – Канаданың Британдық Колумбия провинциясында оң жақпен көлік жүргізу жүйесі іске қосылады.

1925 жыл – Норвегияның астанасы Осло атауына өзгереді.

1937 жыл – Америкалық актер, режиссер Энтони Хопкинс дүниеге келді.

1954 жыл – АҚШ-та түсті теледидарлар шыға бастайды.

1959 жыл – Куба азат етіледі.

1969 жыл – Чехословакия екі елдің федерациясы болып құрылады.

1982 жыл – Әйгілі ABBA тобы Стокгольмда өздерінің ең соңғы концертін қояды.

1986 жыл – Испания мен Португалия Еуропа Одағына мүше атанады.

1993 жыл – Чехословакия Чехия және Словакия болып екіге бөлінеді.

1999 жыл – Еуропа одағына мүше елдердің ортақ шешімі бойынша «еуро» айналымға енгізілді.

2000 жыл – Ұлыбританияда тұтынатын тауарлардың өлшемі метрлік жүйеге ауысады. Оған дейін унция мен фунтта өлшеніп келген.

2001 жыл – Үшінші мыңжылдықтың және ХХІ ғасырдың алғашқы күні.

2004 жыл – Францияның Клермон-Ферран қаласында әлемге әйгілі «Дакар» раллиі басталды.

Сурет: wallpaperstock.net

Ж. Өрісбай