Қой жылы болған маңызды тарихи оқиғалар

Қой жылы болған маңызды тарихи оқиғалар

Қой жылы 1991 жылы Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алды.

1907 қой жылы жазушы, аудармашы, сыншы Әлібек Қоңыратбаев дүниеге келді.

1907 қой жылы ғалым, филология ғылымдарының докторы (1947), профессор (1950), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961), Қазақстан Ғылым академиясының академигі Қажым Жұмалиев дүниеге келді.

1919 қой жылы башқұрт ақыны, Социолистік Еңбек Ері Мұстай Кәрім дүниеге келді.

1931 қой жылы ақиық ақын Мұқағали Мақатев дүниеге келген.

1943 қой жылы жазушы-драматург, журналист, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты, Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты Оралхан Бөкей дүниеге келді.

1943 жылы мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтың ұлы Мұрат Әуезов дүниеге келді.

1955 қой жылы қазақ ұлты мен әлем халқына елеулі үлес қосқан Билл Гейтс, Таласбек Әсемқұлов, Қуандық Түменбай, Қырымбек Көшербаев, Толымбек Әбдірайым сынды азаматтар өмірге келген.

1979 қой жылы журналист, қазақ баспасының тарихшысы, тарих ғылымдарының докторы (1965), профессор (1976), КСРО журналистер Одағының мүшесі Қайыржан Нұрғожаұлы Бекқожин өмірден озды.

1991 қой жылы әдебиеттанушы, сыншы, тележурналист, жазушы, қоғам қайраткері Сағат Әшімбаев өмірден озды.

1991 қой жылы филология ғылымдарының докторы (1982), профессор (1974), Қазақ КСР-і Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері Тауман Амандосов өмірден озды.

1991 қой жылы «Беловеж келісімі» болды. Бұл - 1991 жылы 8 желтоқсанында Ресей, Украина, Беларусь республикалары басшылары арасында жасалынған келісім-шарт. 1991 жылғы тамыз бүлігінен кейін КСРО-ның ыдырау процесі бұрынғыдан да үдей түсті.

1991 қой жылы 21 желтоқсанда Алматы қаласында бұрынғы КСРО құрамында болған 11 республика (Армения, Әзірбайжан, Белорус, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан, Украина) басшылары жаңа келісім-шартқа қол қойды. Сөйтіп бұрынғы КСРО аумағында жаңа одақ - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) құрылды.

2003 қой жылы ғалым, филолология ғылымдарының докторы (1970), профессор (1974) Темірбек Қожакеұлы Қожакеев өмірден озды.

2003 қой жылы физика-математика ғылымдарының докторы (1988), профессор Шалтай Смағұлов өмірден озды.

Сурет: ecliparts.com

M. Auelkhan