Жаңа жыл қарсаңында оқуға болатын кітаптар

Жаңа жыл қарсаңында оқуға болатын кітаптар

Ресейлік «Бампер» кітап дүкені жаңа жылда мерекелік көңіл-күй сыйлайтын қызықты кітаптарды анықтады. Аталған кітаптар тізімін назарларыңызға ұсынамыз.

Кейт Вестерлундтің «Менің сүйікті аққалам» («Мой дорогой снеговик») әңгімесі

Апа-сіңілі Нора мен Лина аққалаға сенеді. Олар аққаланың сиқыры бардай, әр жыл сайын жаңа жалда тілек тілейді. Қиял-ғажайып оқиға мен өмірдің шындығы қатар баяндалған бұл ертегі – көпшіліктің көңілінен шыққан туынды. 

Ротраут Сузанна Бернер - «Қысқы кітап» («Зимняя книга»)

Бұл кітаптың авторы да, суретшісі де – Ротраут Сузанна Бернер. «Қысқы кітап» – иллюстрациялар мен суреттерден тұратын мәтінсіз кітап. Туындымен таныса отырып, суретшінің шеберлігі мен қиялының ұшқырлығына тәнті боласыз.

О.Генри - «Сиқыршының сыйы» («Дары волхвов»)

О.Генридің «жаңа жылдық новелласы» аталатын бұл кітабы жүз жыл бойы оқырмандардың көңілінен шығып келеді. Әңгіме адал махаббат, сүйіспеншілік жайында. Шын сүйген адамның неге болсын көз жұмып, тек сенімнің етегінде жүретіні асқан шеберлікпен жазылған. Кітапты оқысаңыз, жазушы сізді ғажайыптар әлеміне жетелеп, өмірде бір сиқырдың барына сендіреді. 

Чарльз Диккенс - «Жаңа жылдық ән» («Рождественская песнь»)

«Рождество» жаңа жылмен қатар келетін діни мереке болғандықтан, христиан дінін ұстанантын қаламгерлер осы мереке жайында көп жазады. Уолт Дисней мультфильмі ұсынған, Скурдж Макдак есімді кейіпкерді танитын боларсыз. Міне, бұл ертегі Ч.Диккенстің әңгіме желісімен түсірілген ертегі.

Сурет: pond5.com

Н. Айдархан