Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Арнайы жобалар / Инчхон 2014 / Инчхон-2014. Ілияс пен Данияр финалға шықты

Инчхон-2014. Ілияс пен Данияр финалға шықты

Инчхон-2014. Ілияс пен Данияр финалға шықты

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан XVII Жазғы Азия ойындарының он үшінші күнінде қазақстандық екі боксшы финалға шықты.

52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ілияс Сүлейменов жартылай финалда жапониялық Шота Хаяшиданы ұтты. Жерлесіміз үш кезеңде де сенімді өнер көрсетіп, 3:0 (30:25, 30:25, 30:25) есебімен жеңіске жетті. Енді Ілияс Азия ойындарының алтыны үшін өзбекстандық боксшы Шахобидин Зоировпен жұдырықтасады.

Ілияс Сүлейменов бұған дейін үш жекпе-жек өткізген болатын. Алғашқы айналымда ол таиландтық Чатчай Батдиді жеңсе, екінші айналымда үндістандық Хулио Брианы қапы қалдырды. Ширек финалда шаршы алаң қожайыны – Оңтүстік Корея боксшысы Сангдон Чоны жеңіп, жартылай финалға өткен болатын.

69 келіде сынға түскен команда капитаны Данияр Елеусінов жартылай финалда түркімен боксшысы Сердар Худайбердиевті жеңді. Төрешілер қазақстандық боксшыға үш кезең қорытындысы бойынша 3:0 (30:26, 30:26, 30:26) есебімен айқын басымдылық берді. Даниярдың финалдағы қарсыласы әлі анықталған жоқ. Тайланд боксшысы Пичета Саенсита мен өзбекстандық Исраила Мадримова кездесуінің жеңімпазы Даниярмен алтын жүлдені сарапқа салады.

Данияр бұған дейін тайпейлік Ченг Су мен моңғолиялық Ваямба Тувшунбатпен кездесіп, сенімді түрде жеңіске жеткен болатын.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін жартылай финалда Біржан Жақыпов, Қайрат Ерәлиев, Жанібек Әлімханұлы, Әділбек Ниязымбетов, Антон Пинчук және Иван Дычко шаршы алаңға шығады.

Бүгін Азия ойындарының он үшінші күні өтуде. Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында 20 алтын, 17 күміс, 29 қола жүлде бар. Жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте төртінші орында келеді.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: Vesti.kz


Қосылған күні: 02 қазан 2014, 13:01

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->