Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Арнайы жобалар / Инчхон 2014 / Инчхон-2014. Марина Вольнова қола жүлдені қанағат тұтты

Инчхон-2014. Марина Вольнова қола жүлдені қанағат тұтты

Инчхон-2014. Марина Вольнова қола жүлдені қанағат тұтты

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан XVII Жазғы Азия ойындарының он бірінші күнінде бокстан әйелдер арасында сынға түскен қазақстандық Марина Вольнова қола жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ, төрт боксшымыз қарсыластарын жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.

75 келіде шаршы алаңға көтерілген Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Марина Вольнова финалға шығар жолда КХДР боксшысы Унху Янгтен ұтылды. Есеп – 0:3.

Марина ширек финалда ветнамдық Ле Ти Хангты 3:0 есебімен жеңген болатын.

51 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Жайна Шекербекова жартылай финалда моңғолиялық Нандинцецег Мягмардуламды 3:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.

Жайна Шекербекова финалда үндістандық боксшы Чунгнейджанг Мери ком Хмангтемен алтын жүлдені сарапқа салады. Финалдық жекпе-жек ертең Астана уақыты бойынша сағат 12:00-де өтеді.

Жайна ширек финалда КХДР спортшысы Хиангми Риді жеңген болатын.

Ерлер арасында 56 келіде өнер көрсеткен қазақстандық боксшы Қайрат Ерәлиев Азия ойындарының жартылай финалына шықты.

Қайрат ширек финалда Әлем чемпионатының қола жүлдегері, иорданиялық боксшы Мохамм Альвадиден жұдырықтасып, 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Жерлесіміз енді жартылай финалда Оңтүстік Корея боксшысы Сангмийонг Хаммен жұдырықтасады.

91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық боксшы Иван Дычко ширек финалда моңғолиялық Энхбаяр Батмункхті бірінші раунда нокаутқа түсіріп, жартылай финалға шықты.

Иван енді 2-қазан күні жартылай финалда үндістандық Кумар Сатишпен жұдырықтасады.

49 келіде Біржан Жақыпов ширек финалда малайзиялық боксшы Фуд Бин Рудзанды айқын басымдылықпен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Біржан алғашқы жекпе-жегінде пәкістандық Мохувуллахтан басым түскен болатын.

Бүгін Азия ойындарының он бірінші күні өтуде. Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында 15 алтын, 16 күміс, 23 қола жүлде бар. Жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте төртінші орында келеді.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: Vesti.kz, kazsport.kaztrk.kz

Дайындаған: Шерхан Талап
Қосылған күні: 30 қыркүйек 2014, 16:05

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->