Инчхон-2014. Қазақстан қоржынына кезекті алтын медаль түсті

Инчхон-2014. Қазақстан қоржынына кезекті алтын медаль түсті

Жағажай волейболынан Александр Дьяченко мен Алексей Сидеренко финалда қытайлық жұпты 2:0 (21:15, 21:10) ұтып, чемпион атанды. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы төртінші орнын нықтай түсті.

Айта кетейік, дода алдында спорт және дене шынықтыру агенттігі таратқан ақпарат бойынша, алдағы Азия ойындары барысында Қазақстан спортшыларының алдына жалпыкомандалық есепте 4-орынды иелену міндеті қойылған-ды. 2010 жылы Қытайдың Гуанчжоу қаласында өткен Азия ойындарында отандастарымыз 18 алтын, 23 күміс, 38 қола жүлдеге ие болып, жалпы командалық есепте 5-орыннан көрінген болатын.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Cурет: sportinfo.kz

Ө. Сансызбай