Инчхон-2014. Инна Клинова – Азия чемпионы!

Инчхон-2014. Инна Клинова – Азия чемпионы!

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында жекелей 200 метрге байдаркамен ескек есуде Инна Клинова ел құрамасы қоржынына он үшінші алтын жүлдені салды.

Қазақстандық спортшы 40,638 секунд уақыт көрсеткішімен чемпион атанды. Күміс қытайлық Ю Чжоуға бұйырса, қоланы ирандық Арез Хакимимогаддам иеленді.

Бүгін Азия ойындарының оныншы күні өтуде. Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында 13 алтын, 13 күміс, 22 қола жүлде бар. Жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте төртінші орында келеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sk-sport.kz

Ө. Сансызбай