Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Арнайы жобалар / Инчхон 2014 / Инчхон-2014. Велошабандоз Алексей Луценко - Азия ойындарының чемпионы!

Инчхон-2014. Велошабандоз Алексей Луценко - Азия ойындарының чемпионы!

Инчхон-2014. Велошабандоз Алексей Луценко - Азия ойындарының чемпионы!

Инчхонда өтіп жатқан ХVІІ Азия ойындарының сегізінші күнінде велошабандоз Алексей Луценко алтын медальға ие болды. Ол жекелей сында 42 шақырым қашықтықты 50 минут 28 секундта жүріп өтті.

Бұл сында екінші орын қырғызстандық спортшы Евгений Ваккерге бұйырса, қола жүлдені ирандық Хоссейн Аскари еншіледі.

Жазғы Азия ойындарының жеңімпазы атанған Алексей Луценко - жастар арасындағы Әлем чемпионы, «Астана» велокомандасының мүшесі. 

Бүгін Азия ойындарының сегізінші күні өтуде. Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында 9 алтын, 9 күміс, 17 қола жүлде бар. Жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте төртінші орында келеді.

Алтын медальға ие болғандар (9): Маргарита Елисеева (ауыр атлетика), Елдос Сметов (дзюдо), траптан әйелдер құрамасы (стендтік оқ ату), Дмитрий Баландин — үш (жүзу), ерлер құрамасы (теннис), Ольга Довгун (оқ ату), Алексей Луценко (велоспорт);

Күміс медальға ие болғандар (9): Алмас Өтешов, Зульфия Чиншанло, Мария Грабовецкая (ауыр атлетика), Максим Раков, ерлер құрамасы (дзюдо), Екатерина Руденко — екі (жүзу), Светлана Германович пен Мария Васильева (академиялық ескек есу), Ришат Ливеншо (у-шу);

Қола медальға ие болғандар (17): Александра мен Екатерина Немич, қыздар құрамасы (синхронды жүзу), Бақтияр Ыбраев, Андрей Могилевский, әйелдер құрамасы – бір, ерлер құрамасы – екі қола (барлығы – оқ ату), Ленария Меңғазова, Азамат Мұқанов, Мариян Ордабаева (барлығы — дзюдо), саблядан әйелдер құрамасы, шпагадан ерлер құрамасы (екеуі де — семсерлесу), әйелдер құрамасы (теннис), Нұрсұлтан Тұрсынқұлов (у-шу), Екатерина Артемьева мен Виктория Чепикова, ерлер төрттігі (барлығы — академиялық ескек есу), әйелдер құрамасы (су добы).

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: vesti.kz

Қосылған күні: 27 қыркүйек 2014, 13:16

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->