Инчхон-2014. Зілтемірші Мария Грабовецкая күміс жүлдені еншіледі

Инчхон-2014. Зілтемірші Мария Грабовецкая күміс жүлдені еншіледі

Инчхонда өтіп жатқан ХVІІ Азия ойындарының жетінші күнінде зілтемірші Мария Грабовецкая күміс медальға ие болды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 302 келіні бағындырып, қытайлық ауыр атлет Чжоу Лу Луға есе жіберді.

75 келіден жоғары салмақта сынға түскен Ауыр атлетикадан Пекин олимпиадасының қола жүлдегері Мария Грабовецкаядан ел алтын медаль күткен болатын. Алғашында ол жұлқа көтеруден кейін 141 келімен екінші орында тұрды.

Ал серпе көтеруден 150 келіні бағындырғанымен, екінші мүмкіндігінде 161 келіні көтере алмады. Соңғы мүмкіндігінде Грабовецкая 161 келіні көтергенімен, қоссайыс нәтижесінде 302 келі нәтижемен екінші орынды місе тұтты.

Оның қарсыласы қытайлық Чжоу Лу Лу жұлқа көтеруде 142 келіні басынан асырып, Азия ойындарының рекордын орнатса, серпе көтеруде 192 келіні көтеріп Әлем рекордын жаңартты. Оның қоссайыс қорытындысында жинаған 334 ұпайы Азияданың жаңа рекорды саналды.

Бұл сында үшінші орын тайландтық Читчанок Пульсабсакульға бұйырды.

Бүгін Азия ойындарының жетінші күні өтуде. Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында 7 алтын, 9 күміс, 17 қола жүлде бар. Жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте төртінші орында келеді.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: Vesti.kz

Н. Айдархан