Инчхон-2014. Дзюдошы Елдос Сметов ел құрамасына екінші алтынды сыйлады

Инчхон-2014. Дзюдошы Елдос Сметов ел құрамасына екінші алтынды сыйлады

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан ХVІІ Азия ойындарында қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов ел құрамасының қоржынына екінші алтын медальды салды. Жерлесіміз финалда моңғолиялық палуан Волтбаатар Ганбатты жеңді.

60 келіде сынға түскен Елдос Сметов алғашқы кездесуінде тәжік палуаны Аботолла Аминовты иппонмен жеңсе, ширек финалда гонконгтік Ю Кин Тингтен басым түсті. Ал, жартылай финалда жапон Тори Шишимені тізе бүктірді. 

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Қазақстан құрамасы сапында ауыр атлет Маргарита Елисеева алғашқы алтын жүлдеге ие болды. Ал, синхронды жүзуден апалы-сіңілі Александра мен Екатерина Немичтер мен тағы бір дзюдошы Азамат Мұқанов қола жүлдені қанжығаға байлады.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: tengrinews.kz

Н. Айдархан