Инчхон-2014. Дзюдошы Азамат Мұқанов қола жүлдеге ие болды

Инчхон-2014. Дзюдошы Азамат Мұқанов қола жүлдеге ие болды

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан ХVІІ Азия ойындарында Қазақстандық палуан Азамат Мұқанов қола жүлдеге ие болды. Жерлесіміз қола жүлде үшін таласта тайпейлік Чиа Хунг Чиеннен басым түсті.

66 келіде сынға түскен Азамат Мұқанов жартылай финалда моңғолиялық палуан Төмөрхүлэг Даваадоржға есе жіберген еді.  Азамат Мұқановтың 1/16 финалдағы қарсыласы ауғанстандық Заки Зубайрулла татамиге шығудан бас тартты. Ширек финалда қазақ плауаны қытайлық Ма Дуанбинмен кездесіп, 13:10 есебімен жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Қазақстан құрамасы сапында ауыр атлет Маргарита Елисеева алғашқы алтын жүлдеге ие болса, синхронды жүзуден апалы-сіңілі Александра мен Екатерина Немичтер қола жүлдеге қол жеткізген болатын

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: egemen.kz


Н. Айдархан