Инчхонда Азия ойындары салтанатты түрде ашылды

Инчхонда Азия ойындары салтанатты түрде ашылды

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында ХVII жазғы Азия ойындары салтанатты түрде ашылды. «Сары құрлықтың» басты додасы алдағы 15 күннің ішінде спортсүйер қауым назарын аударары анық.

Инчхон қаласының орталық стадионында өткен ашылу салтанаты жарысқа қатысатын елдердің ұлттық ерекшелігін білдіретін танымбелгілері көрсетілген бейнебаянмен басталып, отшашумен жалғасты. Танымал режиссер Им Квон Тхэк басшылығымен өткен ашылу салтанаты елдің ертеден келе жатқан тарихынан сыр шертетін театрландырылған көріністермен басталды. Сопранода Чо Су Ми өнерін паш етсе, Оңтүстік Кореяның танымал өнер жұлдыздары Чан Дон Гон мен Ким Су Хен да алаңдағы концерттік бағдарламаларға қатысты. Ал Ан Сук Сон елдің ұлттық әнін нақышына келтіріп орындады. Концерттік бағдарламалар соңын танымал әнші PSY қытайлық пианиношы Лан Ланмен бірге өнер көрсетіп қорытындылады. Спортшылардың алаңда жүріп өту салтанатынан кейін, елдің әнұраны орындалып, жарыстың ресми Туы тұғырына қондырылды.

Ашылу салтанатында еліміздің Туын Лондон Олимпиадасының және әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов көтеріп шықты. Азия ойындарына Азияның Олимпиадалық кеңесіне мүше 45 мемлекеттен 12 мың адам қатысады. Бұл спортшылар 439 медаль жиынтығын сарапқа салатын болады.

Айта кетейік, Қазақстан Азия ойындарында 1994 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақытқа дейін Қазақстан жалпыкомандалық есепте үш рет 4-ші, екі рет 5-ші орында аяқтаған. Спорт және дене шынықтыру агенттігі таратқан ақпарат бойынша, алдағы Азия ойындары барысында Қазақстан спортшыларының алдына жалпыкомандалық есепте 4-орынды иелену міндеті қойылып отыр. 2010 жылы Қытайдың Гуанчжоу қаласында өткен Азия ойындарында отандастарымыз 18 алтын, 23 күміс, 38 қола жүлдеге ие болып, жалпы командалық есепте 5-орыннан көрінген болатын.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: AFP

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Жыландар қалай ұшады?
Жыландар қалай ұшады?
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы