Ермахан Ыбырайымов: "Ең кем дегенде үш алтын алуымыз керек"

Ермахан Ыбырайымов: "Ең кем дегенде үш алтын алуымыз керек"

Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымов Азия ойындарында сынға түсетін қазақстандық боксшылардың мүмкіндігі туралы өз ойын білдірді. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының ресми сайты хабарлады.

2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымов:

- Азия ойындарында алтын алуға лайықты жігіттеріміз көп. Мысалы, Әділбек Ниязымбетов, Данияр Елеусінов, Иван Дычко, Берік Әбдірахмановтарды айтуға болады. Бір сөзбен айтқанда, біз жалпы есепте бірінші орында болуға міндеттіміз. Ең кем дегенде үш алтын алуымыз керек. Біздің басты қарсыластарымыз – Өзбекстан, Оңтүстік Корея. Ал жеңіл салмақтарда Тайланд қарсылас саналады, - дейді.

Бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов боксшыларымызға Азия ойындарында алты жүлдемен және жалпыкомандалық есепте бірінші орынмен келу міндеттелгенін мәлімдеген болатын

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтетін XVII Жазғы Азия ойындарына 10 боксшымыз қатысады. Бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасының Азия ойындарындағы кестесі белгілі болып қойды.

Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтетін XVII Жазғы Азия ойындары бүгін өз жалауын көтередіЖалпы біздің елден Азия ойындарына спорттың 39 түрінен (барлығы 50 спорт түрі) 420 спортшы қатысады. Ашылу салтанатын «KAZsport» телеарнасы Астана уақытымен сағат 16:00-де тікелей эфирде көрсетеді.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: news.headline.kz

Н. Айдархан